• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы № 742

745 рет
көрсетілді

2010 жылғы 22 қыркүйек,  Астана қаласы Денсаулық сақтау субъектілерінің есеп беру құжаттамаларының нысандарын бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7­-бабының 1- тармағының 5) тармақшаларына сәйкес және ведомстволық бақы­лау­лар­ды жетілдіру және қамтамасыз ету мақсатында бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған денсаулық сақтау субъек­тілерінің есеп беру құжаттамаларының нысан­дары бекітілсін: 1-қосымшаға сәйкес ай сайынғы кезеңділік: 1) жекелеген инфекция және паразиттік аурулар туралы есеп (1-нысан); 2) адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ- инфекция) жұқпасына иммуноферменттік талдау әдісі мен қанды зертханалық тексеру туралы есеп (4-нысан); 3) медициналық ұйымдар бойынша вакциналар мен басқа да иммунобиологиялық препарат­тардың қозғалы­сы туралы есеп (5-нысан); 4) профилактикалық екпелермен қамту туралы есеп (6-нысан); 5) өткізілген телемедициналық консультациялар мен видео бойынша конференцбайланыс се­анс­тарының саны туралы есеп (16-нысан); 6) стационарлық және стационарды алмас­тыратын көмек көрсететін медициналық ұйым­дардың төсек қорын пайдалану туралы есеп (21-нысан). 2-қосымшаға сәйкес тоқсан сайынғы ке­зеңділік: 1) негізінен жыныстық жолмен берілетін жұқпалар туралы есеп (3-нысан); 2) анықталған диагнозбен өмірінде алғаш рет тіркелген аурулардың саны туралы есеп (56-нысан); 3) стационарлық көмек көрсететін меди­ци­налық ұйымдардағы төсек-орынды кеңейту ту­ралы есеп (57-нысан); ­4) медицина кадрларының қозғалысы туралы есеп (58-нысан); 5) психикалық және мінез-құлықтың бұзылу­ларымен ауыратын науқастар контингенті туралы есеп (61-нысан); 6) психоактивті заттарды қолданудан туын­дайтын психикалық және мінез-құлықтың бұ­зы­луларымен ауыра­тын науқастар туралы есеп (64-нысан); 7) тіркелген туберкулезбен ауыратын нау­қастар туралы есеп (ТБ 07-нысан); 8) IV санаттағы туберкулезбен ауыратын нау­қастарды тіркеу есебі (IV санатты ТБ 07- нысан); 9) туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу нәтижелері туралы есеп (ТБ 08-нысан); 10) көптеген дәріге тұрақтылықпен дәлел­денген туберкулездің IV санатындағы туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу нәтижелері туралы есеп (IV санатты ТБ 08- нысан); 11) І және ІІ санаттағы емнің қарқынды фа­засын аяқтағаннан кейінгі қақырықтың конвер­сиясы туралы есеп (ТБ 10-нысан); 12) IV санаттағы науқастарды емдеудің қар­қынды фазасын аяқтағаннан кейінгі қақырықтың конверсиясы туралы есеп (IV санатты ТБ 10 - нысан); 13) туберкулезге қарсы ұйымдарда және амбу­латориялық-емханалық көмек көрсететін ұйым­дарда туберкулезге қарсы препараттардың пайда­ланылуы туралы есеп (ТБ 13-нысан); 3-қосымшаға сәйкес жылдық кезеңділік: 1) жеке инфекциялық және паразиттік ауру­лар туралы есеп (2-нысан); 2) қатерлі ісік аурулары туралы есеп (7-нысан); 3) активті туберкулезбен ауырудың жаңа жағ­дайлары мен қайталанған жағдайлары ту­ралы есеп (8-нысан); 4) жыныстық жолмен берілетін инфекциялар мен тері аурулары туралы есеп (9-нысан); 5) психикалық және мінез-құлық бұзылуы­мен аурулары туралы есеп (10-нысан); 6) психоактивті заттарды қолданудан туын­даған, психикалық және мінез-құлық бұзылуы­мен аурулары туралы есеп (11-нысан); 7) қызмет көрсететін медицина ұйымының ауданында тұратын науқастардан және диспансерлік есепте тұрған науқастардан тіркелген аурулар саны туралы есеп (12-нысан); 8) аборт туралы есеп (13-нысан); 9) стационардан шығып кеткен науқастар туралы есеп (14-нысан); 10) стационарды алмастыратын көмек алған науқас контингенттер туралы есеп (66-нысан); 11) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, мүге­дектеріне және оларға теңестірілген тұл­ғаларға медициналық қызмет көрсету туралы есеп (15-нысан); 12) медицина және фармацевтика кадрлары туралы есеп (17-нысан);; 13) Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің жұмысы туралы есеп (18-нысан); 14) медициналық ұйымының есебі (30-нысан); 15) балаларға медициналық көмек көрсету туралы есеп (31-нысан); 16) жүкті, босанатын және босанған әйел­дерге медициналық көмек көрсету туралы есеп (32-нысан); 17) туберкулезбен ауыратын науқастар туралы есеп (33-нысан); 18) жыныстық жолмен берілетін инфекциялармен, терінің грибок ауруларымен және қышы­мамен ауыратын науқастардың контингенті туралы есеп (34-нысан); 19) қатерлі ісік ауруларымен ауыратын науқастар туралы есеп (35-нысан); 20) психикалық және мінез-құлықтың бұзы­лулармен ауыратын науқастар туралы есеп (36-нысан); 21) психоактивті заттарды қолданудан туын­даған, психикалық және мінез-құлықтың бұзы­лулармен ауы­ратын науқастар туралы есеп (37-нысан); 22) сот-психиатриялық комиссияның жұмысы туралы есеп (38-нысан); 23) қан қызметі саласында жұмыс істейтін ұйым­ның есебі (39-нысан); 24) жедел медициналық жәрдем ұйымының есебі (40-нысан); 25) балалар үйінің есебі (41-нысан); 26) сот медицинасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың есебі (42-нысан); 27) фельдшерлік – акушериялық пункттің есебі (43-нысан); 28) балалар санаторийінің есебі (44-нысан); 29) ересектерге арналған туберкулез сана­торийінің есебі (45-нысан); 30) салауатты өмір салтын қалыптастыру пробле­малары орталығының штат лауазымдары туралы есеп (46-нысан); 31) денсаулық сақтау ұйымдарының желісі және қызметі туралы есеп (47-нысан); 32) апаттар медицинасы ұйымының жұмысы туралы есеп (48-нысан); 33) төтенше жағдайларды жоюға қатысқан медици­налық ұйымдардың (медициналық құра­лымдар) қызметі туралы есеп (49-нысан); 34) фельдшерлік пункттің есебі (50-нысан); 35) жеке үй-жайы жоқ медицина қызметкері туралы есеп (51-нысан); 36) балалар мүгедектігі туралы есеп (52-нысан); 37) залалсыздандыру станциясының штат лауа­зымдары туралы есеп (53-нысан); 38) медициналық ақпараттық-талдау орталы­ғының (медициналық статистика бюросы) штат лауазымдары туралы есеп (54-нысан); 39) патологиялық анатомия саласында қыз­мет істейтін ұйымның есебі (55-нысан); 40) жарақаттар, улану және басқа сыртқы себеп­тердің салдары туралы есеп (59-нысан); 41) жасөспірімдерді, жоғары оқу орын­да­рының студенттері мен арнаулы орта оқу орын­дарының оқу­шыларын диспансерлеу туралы есеп (60-нысан); 42) медициналық пункттің есебі (62-нысан); 43) қайта даярлау және біліктілікті арттыру (63-нысан). 2. Облыстардың, Астана және Алматы қа­лалары денсаулық сақтау басқармаларының бас­тықтары (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік санитариялық-эпидемио­логиялық қадағалау де­пар­таменттерінің директорлары барлық ден­саулық сақтау ұйымдарында есептерді жасауды қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйым­дастыру департаментінің директоры (А.Ғ. Төлеғалиева): 1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықпен бекітілген нысандар бо­йынша республиканың денсаулық сақтау субъек­тілерінің ведомстволық құрылымдық статис­тикалық есептілігін жинауды, жүргізуді, өңдеуді, жалпы жинақтауды қамта­масыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) Қазақстан Рес­публикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқа­ралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 5. «Денсаулық сақтау субъектілерінің есеп беру құжаттамаларының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 13 қазандағы № 521 бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін. 7. Осы бұйрық оны алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр   Ж.ДОСҚАЛИЕВ. «Келісілген» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы Ә.Смайылов________________ 2010 жылғы 27 қыркүйек Бұйрық Қазақстан Республикасының Әді­лет министрлігінде 2010 жылғы 18 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мем­лекеттік тіркеудің тізіліміне №6586 болып енгізілді.