• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
07 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №56

435 рет
көрсетілді

2011 жылғы  31 қаңтар                  Астана, Үкімет үйі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақ­стан Республикасының 2007 жылғы 21 шiл­дедегi Заңының 13-бабының 6) тармақ­ша­сына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкі­меті қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Рес­пуб­ликасының халықаралық шарттарына сәй­кес сатып алынатын тауарлардың, жұмыс­тардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін. 2. Халықаралық шарттарға сәйкес уәкі­леттік берілген мемлекеттік органдар тауар­ларды, жұмыстарды және көрсетілетін қыз­мет­терді сатып алу үшін бөлінген ақшалай қаражаттың оңтайлы және тиімді жұмсалуын бақылауды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақ­стан Республикасы Үкіметінің кейбір шешім­дерінің күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі   К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 қаңтардағы  №56 қаулысымен   бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі 1. Қызметiнiң негiзгi мәнi «Байқоңыр» ғарыш айлағының ғарыштық инфрақұрылым объек­тiлерiнiң базасында экологиялық қауiпсiз жаңа «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенiн құру болып табылатын «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бiрлес­кен кәсiпорны» акционерлiк қоғамы 2005 жылғы 21 қазанда Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2004 жылғы 22 желтоқсанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенiн құру туралы келiсiмге сәйкес сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер: 1) «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенiнiң (бұдан әрi – «Бәйтерек» ҒЗК) құрамында пайдалану болжанып отырған техникалық және ұшу кешендерiнiң жабдығына тексерiс жүргiзу, бөл­шек­телетiн жабдықтың құрамын анықтау, жөн­деу-қалпына келтiру жұмыстарының көлемiн анықтау; 2) «Бәйтерек» ҒЗК құрамында пайдалану болжанып отырған техникалық және ұшу кешендерiнiң құрылыс конструкциялары мен инженерлiк-техникалық жүйелерiн зерттеу; 3) «Бәйтерек» ҒЗК-ге техникалық жобаны әзiрлеу, жаңа агрегаттар мен ұшу және тех­никалық кешендер жүйелерiнің жаңаларын жасау және жұмыс iстеп тұрғандарын жетiлдiру жөнiндегi тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыс­тарға техникалық тапсырмалар беру, инвес­тицияларды негiздеу үшiн бастапқы деректердi беру; 4) ұшу және техникалық кешендердiң, жердегi жабдық жинақтарының, тексеру ап­паратурасы мен тасымалдау құралдарының жаңадан жасалатын және жетiлдiрiлетiн техно­логиялық агрегаттары мен жүйелерiне эскиздiк жобалар мен конструкторлық құжаттама шығару; 5) техникалық тапсырмаларды, бағдар­ламалар мен әдiстемелердi әзiрлеу, «Бәйтерек» ҒЗК құрамында пайдалану болжанып отырған ұшу және техникалық кешендер жабдығының белгiленген көрсеткiштерiн ұзарту жөнiнде жұмыс жүргiзу, жөндеу-қалпына келтiру жұмыс­тарын жүргiзу, қорытындылар беру; 6) «Бәйтерек» ҒЗК жұмыстарында iске қосылмаған жабдықты бөлшектеу; 7) кешеннiң құрылыс бөлiгiне бастапқы деректердi беру, ұшу және техникалық кешен­дердi қайта жаңартуға арналған инвестиция­лардың негiздемесiн әзiрлеу; 8) жобаның жұмыс құжаттамасының негiзiнде iздестiру жұмыстарын жүргiзу; 9) ұшу және техникалық кешендердi қайта жаңарту жөнiндегi құрылыс-монтаждау жұмыс­та­рына арналған жұмыс жобасын әзiрлеу; 10) жетiлдiрiлетiн және жаңадан енгiзiлетiн технологиялық агрегаттар мен жүйелердiң, жердегi жабдық жинақтарының, тексеру ап­паратурасының және тасымалдау құралда­рының жабдығын жасау әрi жеткiзу; 11) технологиялық агрегаттар мен жүйелерге арналған пайдалану құжаттамасын, жердегi жабдық жинақтарын, тексеру аппаратурасы мен тасымалдау құралдарын шығару, кешендi құжаттаманы шығару; 12) технологиялық жабдықты жасау және жеткiзу; 13) құрылыс жұмыстарын жүргiзу, ұшу және техникалық кешендерде арнаулы техникалық жүйелердi монтаждау; 14) технологиялық жабдықты, жердегi жаб­дық жинақтарын, тексеру аппаратурасын монтаждау; 15) iске қосу-жөндеу жұмыстарын, ұшу және техникалық кешендердiң жүйелерi мен агрегат­тарын автономды және кешендi сынауларды жүргiзу; 16) «Бәйтерек» ҒЗК үшiн қазiргi «Байқоңыр» кешенiндегi байланыс және телекоммуни­кация­лық қамтамасыз ету жүйесiн жете жарақтандыру; 17) «Бәйтерек» ҒЗК өлшеу, ақпарат жинау және өңдеу құралдарының кешенiн құру; 18) темiр жолдарды қайта жаңарту; 19) оттегi-азот зауытын және зымыран отын құрауыштарын сақтау кешенiн қайта жаңарту; 20) 11Г141 және 11Г12 май құю-бейтараптандыру станцияларын қайта жаңарту; 21) бағдарламалық-әдiстемелiк және кешендi пайдалану құжаттамасын әзiрлеу; 22) «Бәйтерек» ҒЗК-нiң экологиялық қауiп­сiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi және «Бәй­терек» ҒЗК-нi құру мен пайдалану кезiнде зымыран тасығыштан бөлiнетiн бөлiктердiң ұшу трассалары мен құлайтын аудандарын қамта­масыз ету жөнiндегi жұмыстар; 23) регламенттiк жұмыстарды, техникалық және ұшу кешендерi жабдығын, өлшеу, ақпарат жинау және өңдеу құралдарының кешенiн, айдау блогын жер үстi басқару кешенiн және «Бәйтерек» ҒЗК инфрақұрылымының басқа да объек­тiлерiн ұстау және ағымдағы пайдалану жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу; 24) ғарыштық мақсаттағы зымыранмен жұмыстарға технологиялық жабдық дайындау; 25) техникалық және ұшу кешендерiндегi ғарыштық мақсаттағы зымыранды жинау және сынау жөнiндегi жұмыстарды қамтамасыз ету; 26) зымыран отынының құрауыштарын сатып алу және тасымалдау; 27) iске қосқаннан кейiнгi жөндеу-қалпына келтiру жұмыстары; 28) «Бәйтерек» ҒЗК-нiң құрылыс ғимарат­тарының, техникалық және технологиялық жабдықтарының белгiленген көрсеткiштерi мен ресурсын ұзарту жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу. 2. Қызметiнiң негiзгi мәнi 2001 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкi­метi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Газ саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм (бұдан әрi – Келiсiм) шеңберiнде табиғи газды сатып алу оның маркетингi, тасымалдау және қайта өңдеу болып табылатын «ҚазРесейГаз» бiрлескен кәсiпорны – жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Келiсiмге сәйкес сатып алатын тауарлар, жұмыстар және қызметтер: 1) Қарашығанақ кен орнының табиғи газы; 2) Қазақстан Республикасында тұтынуға арналған газдың көлемiн қоса алғанда, Ресей Федерациясының газ өңдеу зауыттарында Қара­шығанақ кен орнының табиғи газын тасымалдау және өңдеу жөнiндегi жұмыстар мен қызметтер; 3) Қазақстан Республикасының iшкi нарығын айырбастау операцияларының шеңберiнде басым қамтамасыз ету мақсатында басқа көздерден алынатын табиғи газ және оны тасымалдау жөнiндегi қызметтер. 3. Қазақстан-Қытай мұнай құбырының екiншi кезеңiн пайдалануға беру мақсатында жүзеге асырылатын Атырау – Кеңқияқ – Құмкөл – Атасу – Алашанькоу бағыты бойынша магистральдық мұнай құбырлары жүйесiн (бұдан әрi – Атырау – Алашанькоу мұнай құбыры) және олардың объектiлерiн қайта жаңарту және салу үшiн «Қазақстан-Қытай Құбыры» жауапкершiлiгi шек­теулi серiктестiгi, «МұнайТас» Солтүстiк Батыс Құбыржол компаниясы» акционерлiк қоғамы «КазТрансОйл» акционерлiк қоғамы 2007 жылғы 18 тамызда жасалған 2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы негiзгi келiсiмге өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға сәйкес қызметтiң негiзгi мәнi бойынша сатып алатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер: 1) жобалық-зерттеу жұмыстарын, авторлық қадағалауды, жобалық жұмыстардың сарап­тамаларын қоса алғанда, нормативтiк-техни­калық құжаттамаға сәйкес жобалық-сметалық құжаттаманы әзiрлеу; 2) заңнамада белгiленген тәртiппен тиiстi мемлекеттiк сараптамалардан өткен жобалық-сметалық құжаттамада көзделген көлемде және мөлшерде Атырау - Кеңқияқ - Құмкөл - Атасу - Алашанькоу бағыты бойынша магистральдық мұнай құбырлары жүйесiн салу және қайта жаңарту үшiн қажеттi тауарлар, жұмыстар мен қызметтер: құбыр өнiмi; тиектi арматура; сорғы жабдығы мен агрегаттары; термошөгiндi манжеттер және оқшауландыр­ғыш материалдар; дәнекерлеу материалдары мен жабдығы; тазалау қондырғыларын iске қосу және қабылдау камералары; темiр-бетон бұйымдары; металл прокаты және металл конструкция­лары; электр сымдары; жылжымалы және тұрақты дизельдi электр станциялары; катодтық қорғау станциялары; бақылау, басқару және деректер жинау жүйе­сiнiң жабдығы; технологиялық жабдыққа арналған блок бокстар; талшықты-оптикалық кабель; байланыс жабдығы; периметральды қорғау жүйесiнiң жабдығы; өртке қарсы дабыл және өрт сөндiру жүйесi­нiң жабдығы; күш және бақылау кабельдерi; мұнайдың мөлшерi мен сапасын коммер­циялық есептеу тораптары; автоматтандырылған сынама алғыштар; жоғары вольтты жабық және ашық таратушы қондырғыларға арналған электр жабдығы; электр трансформаторлары; қысым реттегiштер; технологиялық фильтрлер; арнайы қорғау киiмi мен аяқ киiм; жанар-жағар май материалдары; АҚП-ға арналған арнайы машиналар, автокөлiк техникасы; магистральдық мұнай құбыры объектiлерiн, жоғары вольтты желiлердi, жолдарды, мұнай айдау станцияларын, сыртқы электрмен жабдық­тауды және сумен жабдықтауды, технологиялық байланыс жүйесiн, мұнай құбырын бақылау, басқару және деректер жинау жүйесiн салу; 3) жобалауды, тауарларды (материалдар мен жабдықтарды) жеткiзудi және мұнай құбыры объектiлерiн салуды басқару және қадағалау; 4) Атырау – Кеңқияқ – Құмкөл – Атасу – Алашанькоу бағыты бойынша магистральдық мұнай құбырлары жүйесiн жобалауға, салуға және пайдалануға беруге байланысты консуль­тация­лық, оның iшiнде заң және қаржы қызметтерi. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 қаңтардағы  №56 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi 1. «Қазақстан Республикасының халық­аралық келiсiмдерiне сәйкес жүзеге асырылатын қызметтiң негiзгi мәнi бойынша оларды ұйымдардың сатып алуы мемлекеттiк сатып алудың мәнi болып табылмайтын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 948 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 34, 454-құжат). 2. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 9 қыркүйектегi № 948 қаулысына толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 31 наурыздағы № 223 қаулысы (Қазақстан Рес­публикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 11, 106-құжат). 3. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 9 қыркүйектегi № 948 қаулысына толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1320 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 50, 549-құжат). 4. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 9 қыркүйектегi № 948 қаулысына толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1043 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 42, 491-құжат).