• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
15 Ақпан, 2017

Жаңа заман – жаңа талап

880 рет
көрсетілді

Елбасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында «Әуелі – экономика, содан соң саясат» деп, буыны әлі қатпаған, шаңырағы әлі берік бекімеген Тәуелсіз Қазақстанды әлемдік өркениеттің жолына бастау үшін, қалыпты мемлекет құрудың басты қағидаттарын ұсынып, мықты Президенттік Республика құру мақсатын айқындады. Осылай Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде ғасырлық жолдан өттік. Ел бірлігін нығайта отырып, Қазақстанның эконо­микал­ық әлеуетін көтеріп, әлем­дік қауым­дас­тықтың ор­та­сынан өз орнын алу үшін қазақстандық жол айқын­далды. Мұны Қазақстан халқы «Нұрсұлтанның нұрлы жолы» деп бағалағаны да тегін емес. Осындай қысқа мерзімде Н.Ә.Назарбаев өзіне де, өзін қол­даған халқына да жоғары талаптар қойды. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағ­дар­ламасы жасалды. Саяси күш­тер мен қоғамдық ұйым­дар мектебі қалыптасты. Ұлт бір­­лі­гін қамтамасыз ету үшін көп­­­пар­т­иялық Парламент Мәжі­лісі жұмыс істей бастады. Қазақ­стан халқы Ассамблеясы құрылды. Ширек ғасыр ішінде Қазақ­стан Ресей, Қырғызстан, Өзбек­­стан, Қытай сынды көр­шілес мемлекеттермен шекараны делимитация мен демаркация жасады, алып ядролық мемлекет­термен стратегиялық әріп­тес­тікке қол қойды. Ядро­лық қаруды ауыздықтау туралы Қазақстан ұсынысы әлем­дік лидерлер тарапынан қол­дау тапты. Семей полигонын жапқан Н.Ә.Назарбаев әлем лидерлерінің қатары­на қосылды. Осылай Қазақ­стан жаһанның өркениетті 50 елінің қатарынан орын алып қана қоймай, енді 30 ел­дің санатына қосылуды мақсат етуде. Міне, осындай батыл да парасатты жолда Елбасы өз халқына арнайы Үндеу жариялады. Елбасы Қазақстанды эво­лю­­ция­лық жолмен дамыту­дың сындарлы саясатын жүзе­ге асырды. Болашақты бағам­дады, тарихты түгендеді. Осы­лай Қазақтың әлемдік ру­ха­нияттағы орнын айқындау үшін «Мәдени мұра» бағдар­лама­сын ұсынып, оған қам­қор­лық жасады. Бір ғана М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ұжымы дайын­дап шығарған 100 томдық «Баба­лар сөзінің» өзі не тұра­ды! Қаншама шетелден әдеби және тарихи жәдігерлер әкелінді. Бұл кемелденген, толысқан Қазақ­станның өз алдына қой­­ған міндеттерін жүзеге асыр­ғанының белгісі еді. Сондай-ақ, Қазақстан ЕҚЫҰ, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) сынды мәртебелі халық­ара­лық ұйымдардың төрағасы болды. БҰҰ-ның мінберінен Қазақстан басшысы соғыс пен бейбітшілік мәселелері туралы әлем халқына сөз арнады. Елбасының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін жариялауының өзі қандай мәртебе! Әлемдік саяси-эконо­ми­калық даму үдерісін бағамдай отырып, Қазақстан Президенті Бес институттық рефор­ма­ны жүзеге асыру бойынша «100 нақ­ты қадам» Ұлт жоспарын ұсынды. Енді, міне, Ұлт жос­парының аясында Елбасы жаңа конституциялық реформа туралы Қазақстан халқына Үндеу жариялады. «Қазір заманның дидары өзгерді. Біз де өзгеруге тиіс­піз», – деп Елбасы жаңа рефор­ма­ның не үшін қажеттігін ай­қын да ашық саралап берді. Елбасы өзі қадап айтқандай, мұны Президент заман сұра­ны­сы, әлемнің даму үрдісі, ұр­пақ болашағы қандай болуы керектігін жүрек елегінен өткі­зе отырып, мың ойланып, мың толғанып, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуды ұсынды. Президенттік басқару жү­йе­сінің негізгі қалыбын сақ­­тай отырып, Президент өз өкі­леттігінің біршама бөлігін Үкі­мет пен Парламентке ұсы­нып отыр. Бұл Қазақстан­дағы демо­кратиялық өзгерістердің жаңа қадамы, жаңа бағыты. Сондықтан да Елбасы арнайы жұмыс штабын құрды. Оны әуелі ғылыми, экономикалық, сая­си-әлеуметтік сараптамадан өт­кізді. Содан кейін барып өз ха­л­қына Үндеу жариялап, ашық халық талқысына салып отыр. Бұл Н.Назарбаевтың өмір­л­ік ұстанымы және мыз­ғы­мас бағыты. Сондық­тан да халық­тың жүрегіне жол тауып отыр­ған Конститу­ция­­лық өзге­ріс­тер билік теңгер­меші­лігін сақ­тайды әрі Үкімет пен Пар­ламенттің алдына үлкен жауап­кершілік жүктейді. Жең­ген партия Үкіметті жа­сақ­­­тай­ды. Үкімет жаңа Пар­­ламент алдында тарайды. Мем­л­екет­тік бағдарламалар­ды ұсы­­на­ды, Парламент ол бағ­дар­­ла­ма­лардың орын­да­луын қада­ға­лай­тын болады. Сон­дай-ақ, Парламент жекеле­ген министр­лердің есебін тың­дауға құқылы әрі оған сенім­сіздік көрсете ала­ды. Міне, осындай өзгерістер­дің өзі­нен-ақ Үкімет пен Пар­ла­мент­тің халық алдындағы жауап­кер­шілігі көтеріледі. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бір­неше шақырылымының депутаты болып жүргенде, Үкі­мет мүшелері қойылған мәселе­ле­рге байланысты жауаптан қа­шып, оны Президентке қарай ығыс­тыра беретін. Әрі «мені таға­йындаған сіздер емессіздер, Президент қойған, Елбасы ғана орнымнан босата алады» деген министрлерді де көргенбіз. Бұл жоғары шен­­ді шенеуніктердің әркез Пре­­­зидент атымен жауап­кер­шіліктен қашатындарының көрінісі еді. Енді Парламент депутаттары кез келген Үкі­мет мүшесіне сенімсіздік көр­сет­кен жағдайда Президент оны орнынан босатады. Қырыққа жуық өз өкілетті­гін Үкімет пен Парламентке ұсы­нуы Президенттің толғам­ды шешімі. Өйткені, әр би­лік тар­мағы өз өкілеттігі шең­берін­де халық алдында, сай­лау­­шы алдында жауапты. Бұл Қазақ­­станда ашық қоғам құру процесі басталды деген сөз. Президенттік реформаның тағы бір үлкен саяси мәні бар. Ол Үкімет пен Парламент­тің үйлесімді жұмыс істеуін қам­тамасыз ету. Мынандай да сәт болған. Кезінде 1995 жылы Қазақ­­стан Республикасы Жо­ғар­­ғы Кеңесі ХІІІ шақыры­лы­м­ының депутаты болған едім. Ұмытпасам, 370 депутат. Ол кезде қоғамдық ұйымдар да өз өкілдерін депутаттыққа ұсына алатын. Бір жылда бір ғана заң қабылданды. Министрлер беку үшін әр депутаттың алдынан өтетін. Түрлі комиссиялар құрумен әуестенушілік көбейді. Заң шығарудың орнына әртүр­лі қоғамдық ұйым­дар өкілдері бір-бірімен айтысумен күн өткізетін. Сол Жоғарғы Кеңес тарағаннан кейін Президент Қазақстан еге­мен­дігіне қажетті заң кү­ші бар жарлықтарға қол қой­ды. Осылай Тәуелсіздікті сақ­­тап қалды десем де ар­тық айт­қандық болмас. Енді, Прези­дент өзінің заң шығару­шылық құқығынан бас тартып отыр. Өйткені, бізде көп­партиялы, қос палаталы Пар­ламент бар. Ол кәсіби деңгейге көтерілді. Бірақ бұл Президенттік бас­қару жүйесі әлсірейді деген сөз емес. «Президент дер­­бес таға­йын­дайтын жә­не боса­татын Сырт­қы іс­тер және Қорғаныс ми­нист­р­­­лерін қоспаған­да, Үкі­­­мет мүшелерінің антын қабы­л­дай­ды; ерекше ма­ңыз­ды мәселе­лер бойынша қажет­тігіне қарай Үкімет отырысына төрағалық етеді; облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері актілерінің күшін жояды не қолданылуын ішінара тоқтата тұрады». Конституцияға өзгерістер ішінде Конституциялық Кеңес, Жоғарғы сот, прокуратура қыз­метіне қатысты өзгеріс­тер де бар. Мұның бәрі билік тар­мақ­тарының үйлесімді әрі жауап­кершілікпен жұмыс істеуі­нің кепілі болады. Міне, жаңа заман­ның жаңа талаптарына сәйкес Президент ұсын­ған реформа халық қолдауына ие болатыны сөзсіз. Қазірдің өзінде саяси партиялар мен қоғамдық ұйым­дардың, демократиялық күш­тердің жалпыұлттық коали­циясының үндеулері жария­ланып та үлгерді. Өмірдің өзінен туындап отырған, Ел­ба­сы­ның жүрек елегінен өт­кен мұндай өзгерістерді кешеуіл­­детудің қажеті жоқ деп санаймын. Сондықтан да рефе­рен­­дум өткізіп, бюджеттік қар­­жы­ларды шығындамай, Мәжіліс пен Се­нат­та жеке-жеке талқылап, Пар­­ламент пала­­­таларының бір­­лес­кен оты­­ры­сында Кон­с­ти­туцияға ұсыныл­ған өзгеріс­тер­ді қабыл­дауды жөн деп есептеймін. Біз үлкен қоғамдық-саяси, рухани-әлеуметтік реформалар ал­дында тұрмыз. Одан сүрін­бей өтетінімізге кәміл сене­мін. Өйткені, біздің бола­шақ­ты бол­жай алатын ұлттық Көш­бас­шы­мыз бар. Н.Ә.Назарбаев – ешқашан илеуі қанбаған саяси реформаларға бармайтын сарабдал саясаткер, әлем мойындаған ірі қайраткер. Сон­дықтан да Қа­зақ­стан дамуының жаңа бағы­ты айқындалды. Осы ұлы жолда бір бол­а­йық, ағайын! Уәлихан ҚАЛИЖАНОВ, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері