• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
15 Ақпан, 2017

Кәсіпкерлер бизнестерін жаппай сақтандыруға көшті

439 рет
көрсетілді

Экономикалық өсімнің бәсеңдеуі бизнесті сақтандыруға түрткі болуда. 2016 жылы міндетті бизнес-сақтандыру бойынша жиналған сыйақы көлемі 25 пайызға күрт көтерілді, деп жазады Finprom.kz сараптама қызметі. Сақтандырушылар бизнеске арналған міндетті сақтандыру түсімдерінің көбейгенін хабарлайды. Оған бір себеп кәсіпкерліктердің көбейюі де болуы мүмкін. Сонымен қатар, экономикалық өсімнің енді қалай бет алатынына нақты сенімнің болмауы да бизнесмендерді осындай қадамға апарып отыр. 2016 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында жеке кәсіпкерліктер (ЖК) мен заңды тұлғаларды сақтандырудың барлық түрі бойынша 43 млрд теңге сақтандыру төлемдері түскен. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 25 пайызға артық. Есесіне сақтандыру компанияларының бизнес үшін міндетті сақтандыру төлемдері айтарлықтай азайды. 2016 жылы сақтандыру компанияларының мұндай шығындары бар болғаны 5 млрд теңгені құрады. Бұл дағдарыстан кейінгі уақытта ең төменгі көрсеткіш. Сақтандыру компания төлемдерінің азаюына бірінші кезекте сақтандырушылардың талаптарының азаюы. Жыл бойы сақтандыру компанияларына 4,2 мың талап түскен. Бұл 2015 жылғымен салыстырғанда 23 пайыз аз.