• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
15 Ақпан, 2017

Көпшілік жүрегіне жетуі тиіс

351 рет
көрсетілді

Елбасының жыл сайынғы халыққа Жолдауы биыл ерекше форматта көпшілік назарына ұсынылды. Ақмола өңірі де аталған маңызды құжатты ықыласпен қабылдап отыр. Осыған орай, Өңірлік ком­муникациялар қыз­метін­де «Қазақ тілі және әде­биеті» ҚҰ төрағасы Мей­рам­бек Қиықов, Ақмола облыс­тық Қазақстан халқы Ас­сам­блеясының мүшесі Ғос­ман Төлеғұл және Ақ­мола облыстық мәслиха­тының депутаты Әлібек Бай­­мағамбетов өз ойларын ор­таға салып, Жолдаудан туын­­дайтын міндеттерді ашып көрсетті. Алдымен сөз алған М.Қиы­қов «Қазақстанның Үшін­ші жаңғыруы: жаһан­дық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын Елбасы Жол­дауы тарихи құжат екендігін ерекше атады. Өйткені, Қа­зақстан тәуелсіздігін алған­нан бергі уақытта екі жаң­ғыру жолынан өтсе, енді үшінші жаңғыруға аяқ бас­қалы отыр. Президент еліміз дамуы барысында 40-тан аса өкілеттіктерді Парламент пен Үкіметке беру туралы шешім қабылдады. Бұрын Үкіметті тарату немесе жасақтау Президенттің құзыретінде болса, енді бұдан былай бұл міндет Парламентке жүктелетін болады. Үкімет жоғары заң шығарушы орган алдында есеп береді. Бұл – атқарушы органның халық алдындағы жауапкершілігі күшейеді деген сөз. Осы­лайша қоғамның әрі қарай­ғы дамуында елімізде демо­кратиялық үдерістің жүріп жатқандығы көрінеді. Олай болса, бұл баршаға үлкен жауапкершілік жүктейді. Бұдан кейін сөз алған Ғ.Төлеғұл маңызды құжат­тың алғаш тікелей бұқа­ра­лық ақпарат құралдары арқылы жария етілгенін тілге тиек ете келіп, оның алдында билік тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлуге қатысты Үндеу жария­лағандығын алға тартты. Оның айтуынша, бес ба­сымдықты қамтыған Жол­дау­да Қазақстанның жаңа са­палық деңгейге көтеріл­гендігі айқын көрінген. Аты айтып тұрғандай, Жолдау қазіргі заман талабымен үндес. Сондай-ақ, әлем өркениетімен де сабақтасып жатыр. Бұл тұрғыдан Елбасы жаңғыру «100 нақты қадам» Ұлт жоспары базасында өткізілетіндігін де атап көр­сетті. Көптеген тер­мино­логиялар қазіргі заман талабымен астасып жат­қан­дықтан, оның үстіне қам­тымды да күрделі құжат болғандықтан, қара­пайым тұрғындарға түсі­нік­ті тіл­мен жеткізу қажет. Кезінде В.И.Ленин «Кез кел­ген идео­логия, егер бұқа­ра­­ның көңі­лінен шыққанда нақ­ты күш­ке айналады», деп айтқа­нын тілге тиек ете келіп, Ғ.Төлеғұл Жолдауды да көп­шілік жүрегіне жет­кізу ар­қылы нақты нәтижеге иек ар­туға болатынын айтып өтті. Ақмола облыстық мәс­ли­хатының депутаты, Ақ­мола облысы әкімдігі жа­нын­дағы «Мемлекеттік қыз­метшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығы» МКҚК директоры Әлібек Бай­ма­ғамбетов Президент Жол­дауын жергілікті жерде наси­хаттай отырып, оның орын­далуы барысына қатаң бақы­лау жүргізу қажеттігін алға тартты. Елбасы алға мін­дет етіп қойып отырған­дай, жаңа технология­лар­ды игермейінше, шикі­зат өң­деуші ел болып қала бе­ретініміз анық. Сондық­тан да ең алдымен өзіміз ши­ра­уы­мыз қажет, деді депутат. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан» Ақмола облысы