2017 жылғы 10 ақпан №48
Астана, Үкімет Үйі
Лотерея операторын және оған лотерея өткізу құқығын беру мерзімін айқындау туралы «Лотерея және лотерея қызметі туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Сәтті Жұлдыз» акционерлік қоғамына 15 жыл мерзімге лотерея өткізу құқығын бере отырып, ол лотерея операторы болып айқындалсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ