• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
15 Ақпан, 2017

Жаңашылдық бастауы

634 рет
көрсетілді

Қазіргі заман талабына сай креативті оқушыға қажетті білім­ді меңгертудің тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерін із­дес­тіру, яғни сол талапқа сай болу әр ұстаздың міндеті. Ел­ба­сымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Бізге керегі – шын дарындар», деген сөзі бар. Сондықтан оқушының жеке тұл­ғасын қалыптастыруда креативтіліктің қандай ма­ңы­зы барын зерделеп, креативті ойлау қабілетін дамы­ту­ды қазақ тілін оқыту мәселесімен байланыстыру оқу­шы­ның сабаққа деген қызығушылығын арттырады деп ойлаймын. «Креатив» сөзі адамның шығармашылық дарын деңгейі, шығармашылық қабілеті деген мағынаны білдіреді. Қазақ тілін бастауыш сыныптарда қызыға меңгер­ген оқушылар жоғары сыныпқа барғанда қызығу­шылығы төмендей бастайды. Креативті оқыту әдіс-тәсіл­дерін қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріне үнемі қол­да­нып, оқушылардың шығармашылық ізденім­паз­дығын ескере отырып оқыту арқылы еңбектің нәтижесін көруге болады. Өйткені, жалаң сөз нәтиже бермейді, оқушының зердесіне жетпейді. Сондықтан әдеби туындыны талдаған кезде оқушы өз бетімен шығарманы оқып, зерттеп, зерделеп, іздену жұмыстарын жүргізеді. Осылайша, шығарманы талдауда, қорытындылауда, өз ой-пікірлерін еркін жет­кізе алады. Оны оқушыларға шығарма жұмыстарында әдіс­те­мелік жағынан дұрыс түрлендіріліп берілген тапсырма арқылы іске асыруға болады. Сонда сабақ үстінде мұғалім тек бағыттаушы және бақылаушы қызметін атқарады. Заман талабына сай сапалы білім алу мен білім беру­­дің ыңғайлылығын, жүйелілігін қамтамасыз ету мақ­­сат­ын­да оқушыларды белсенді әрекетке үйретуде мұ­­ға­лім соған сай оқыту әдістерін де таңдай білуі қа­жет. Жүсіпбек Аймауытов «Мұғалімнің айналысатыны – үне­мі қозғалып, өзгеріп, өркендейтін тірі адам бол­ған­дық­тан, біркелкі әдістен табан аудармай, шектеліп қалуға бол­­майд­ы. Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер», деп жазған екен. Сон­­дық­тан, жаңашылдықты енгізе білу де біліктілік. Жайна БЕКЕНБАЙҚЫЗЫ, Больше-Чураков орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы
Соңғы жаңалықтар