• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
15 Ақпан, 2017

Маңғыстауда "Отандық сәнгерлер қауымдастығы" құрылды

361 рет
көрсетілді

Әйелдер ешқашан қиындықтан қашқан емес. Қиындығы мол, жауапкершілігі жоғары бизнестің де тізгінін бекем ұстап келеді. Әр бағыттағы бизнестің тасын өрге домалатып жүрген әйелдер Маңғыстауда "Отандық сәнгерлердің қауымдастығын" құрды. Қауымдастықтың жас сән­гер­лерге берері көп болмақ. Сән әлеміне енді аяқ басқан кәсіпкерлерге қолдау білдіріп, кәсіби тұрғыда кеңес берумен бірге, өзге аймақтардағы сәнгер­лермен әріптестік бай­ланыс орнату, шетелдік маман­дармен тәжірибе алмасу, сән әлеміндегі жаңа техно­­ло­гиялармен жұмыс жасау­­ды ұтымды пайдалану мәселелері де назардан тыс қал­майды. Қауымдастықтың құрылтайшылары түрлі дәреже­дегі тәжірибе сағаттарын өткі­­зуді, сәнгерлер арасында бай­қау ұйым­дастыруды, ең үздік сәнгердің өнімдерін респуб­ликалық және ха­лықаралық на­рыққа шыға­руды көздейді. Маңғыстаулық сәнгерлер қолда бар үлгіні заманауи же­­тілдіріп, Қазақстанның түк­­пір-түкпіріне ерекше сән үлгі­­сіндегі ұлттық киімдерді шы­­ғарумен танылып келеді. Өңірде отандық киімдер тігу­мен айналысатын 30-дан астам сәнгер жұмыс істеу­де. Қызығушылық танытушылар да аз емес. Енді сәнгер­лер ұлттық киімдермен бірге күнделікті киетін киім, кеш­кілік, балаларға және жүкті әйелдерге арналған киім үлгі­сін ұсынуды, сондай-ақ, қа­зақтың ұлттық киімдерін сырт­қы на­рыққа шығаруды жос­парлауда. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» Маңғыстау облысы
Соңғы жаңалықтар