• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
15 Ақпан, 2017

«Барыс» ҚХЛ-дің плей-офф кезеңіне шықты

289 рет
көрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында Астананың «Барысы» өз айдынында Новосібірдің «Сибирь» командасын қабылдап, 2:1 есебімен басым түсті. Кездесудің 8-минутында «Сибирь» хоккейшісі Кирилл Ворабьев қақпаны дәл көздеп, есеп ашты. Алайда, барын салып, алға ұмтылған астаналықтар 14-минутта-ақ таразы басын теңестіріп үлгерді. Бұл ретте Дастин Бойдтың соққысына қонақтар қарсы тұра алмады. Осыдан кейін қалған екі кезеңде бірқатар шабуыл ұйымдастырылғанмен, есеп өзгеріссіз қалды. Дегенмен, овертаймда Найджел Доус мергендігімен танылып, командасына жеңіс сыйлады. Қоржынында 89 ұпайы бар «Барыс» «Шығыс» конференциясында 5-орында келеді. Ал 9-орында тұрған «Сибирьмен» қазір он ұпай бөліп тұр. Демек, Эдуард Занковец шәкірттері қалған екі кездесуде жеңілсе де, плей-офф кезеңінен шет қалмайды. Ертең елордалықтар Новокузнецкінің «Металлург» ұжымымен күш сынасса, 18 ақпанда «Авангардты» қабылдайды. Айта кетейік, қазіргі уақытта плей-офф кезеңіне он команда өтіп тұр. «Батыс» конференциясында – СКА, ЦСКА, «Локомотив», Мәскеудің «Динамосы», «Торпедо» және Минскінің «Динамосы», ал «Шығыста» – магнитогорлық «Металлург», «Авангард», «Ак Барс», «Трактор» және «Барыс».
Соңғы жаңалықтар