• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2017

Теріскейдің табиғаты қызықтырыпты

363 рет
көрсетілді

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайына Қазақстандағы Швеция корольдігі елшілігінің «IK Foundation» қоры «Апостолы Линнея» энцикопедиясын тарту етті. Салтанатты рәсімге еліміздегі Швеция корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Христиан Камилл арнайы келді. ХVІІІ ғасырда швед апостолы әрі ботаник Карл Линней өзінің шәкірттерін әлемнің әр тарапына аттандырып, бейтаныс ел мен жердің тыныс-тіршілігі жайлы мағлұматтар жинастыруды тапсырады. Оның ізбасарларының бірі Иоганн Петер Фальк Қазақстанның теріскей аймағын шарлап, Ертіс, Есіл өзендерінің жағалауларын қоныстанған елді мекендер және Петропавл қаласының табиғат, жағрапиялық ерекшеліктеріне қатысты зерттеулер жүргізеді. Сапардан оралған соң алған әсерлері мен баға жетпес дерек­терді қағазға түсіріп, ұстазына табыстайды. «IK Foundation» қоры та­биғаттың тылсым сырларын зерттеумен көптен бері айналысып келеді. Оның төрағасы Ларс Янсен Иоганн Фальктің жиған-терген жазбаларын солтүстік өңірдің тың ақпараттарымен толықтырып, энциклопедия етіп шығарған. Онда теріскейдің фаунасы мен флорасы, этностар, Есіл өзеніне қатысты деректер топтастырылған. Түрлі иллюстрациялық суреттермен безендірілген. Ағылшын тілінде жа­рық көрген Карл Линней шә­кірттерінің жазбалары 11 томды құрайды. Осы арқылы Скандинавия елінің тұрғындары Солтүстік Қазақстанға ерекше қызығушылық танытып отыр, дейді елші. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы
Соңғы жаңалықтар