Үндістан алдағы бірнеше жылдың ішінде екі ғаламшарға экспедиция жасамақ. Үндістанның ғарыштық зерттеу ұйымы (ISRO) Марс пен Венераға ғарыш аппараттарын жібереді, деп хабарлады Times of India.
Елде бүгінгі таңда Венера экспедициясы бойынша жұмыстар басталып кеткен. Ал Марсқа аппарат 2021-2022 жылдары жіберіледі деп жоспарлануда.
Үндістанның бұл экспедициялары осы ел тарихындағы екінші және үшінші тәжірибе болмақ. Себебі 2013 жылы "Мангальян" стансасы Марсқа жіберіліп, тоғыз айдан кейін ол Қызыл ғаламшардың орбитасына сәтті қонған болатын. Бұл Үндістанды аппараттарын бір жібергеннен Марсқа сәтті қондырған алғашқы ел атандырды. Ал Қызыл ғаламшарға екінші тәжірибе барысында жіберілетін аппараттар енді өздігінен жүретін құрылғылармен толықтырылмақ.
Қазіргі таңда бұл тәжірибелерге Францияның ұлттық ғарыштық зерттеу орталығы (CNES) да қатысуға дайын екендіктерін білдіріп отыр.