• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2017

Испанияда Ferrari-дің жалған көшірмесін жасаған фабрика анықталды

376 рет
көрсетілді

Испанияның Жирон қаласында полицейлер Ferrari мен Lamborghini спорт көліктерінің жасанды көшірмесін жасаған фабриканы анықтады, деп хабарлайды  La Voz de Galicia басылымы.

Полицейлер жүргізген арнайы операция барысында төрт дайын көлік пен аяқталмаған он көшірме табылған. Басылымның хабарлауынша, фабрика жасанды көшірмелерді 41 мың еуроға сатқан.

Қылмыскерлер авторлық құқтықты бұзу және тіркелген тауар белгілерін заңсыз пайдалану баптары бойынша қамауға алынған.
Соңғы жаңалықтар