• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2017

Мұхамедиұлы допингке іліккен биатлоншылар жайлы мәлімдеді (фото)

391 рет
көрсетілді

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Австрияда өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық биатлоншыларға жасалған допинг-сынамаларының қорытындысы жайлы Facebook желісіндегі парақшасында бөлісті. «... Достар, қазір ғана Бүкіләлемдік антидопинг агенттігі (WADA) біздің биатлоншыларымызға жасалған допинг-сынамаларының қорытындысы бойынша спортшыларымыздың қанынан тыйым салынған заттар шықпағаны туралы ресми түрде қағаз алдық! Бұған дейін айтқанымдай, спортшыларымыз таза! Мен басынан командамызға сенім арттым және сенімді ақтағанына риза болып отырмын. Бұл бәрімізге үлкен сабақ болды. Ал мынау WADA құжаттары, нөмірлердің астында спортшыларымыздың есімдері жасырылған», – деді министр. Айта кетейік, Австрияда жергілікті жанармай құю бекеттерінің бірінде белгісіз спортшылар медициналық қалдықтар салынған қораптар мен жарыс құжаттарын тастап кеткен. Допингке қарсы ұлттық орталықтың жүргізген сараптамасының нәтижесінде аталмыш қораптар мен құжаттар Қазақстан делегациясына тиесілі екендігі анықталды.
Соңғы жаңалықтар