Facebook видеоконтенттерді көру қызметін жетілдірді. Енді аталған әлеуметтік желінің видеоларын теледидар экрандарынан көруге болады. Жақын арада бұл қосымша Apple TV, Amazon Fire TV және Samsung Smart TV үшін қолжетімді болмақ, деп хабарлайды Reuters.
Агенттіктің хабарлауынша, компания тағы бірнеше жаңалықтармен бөліскен. Мысалы, Facebook мобильді нұсқасындағы бейнероликтер енді бірден дыбыспен шығады. Сонымен қатар жаңалықтар қарап отырып та видео көруге мүмкіндік туған.
The Wall Street Journal Facebook бұл өзгерістерді жарнама берушілерді тарту үшін енгізді деп есептейді.