• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2017

Қазақстан еркін экономика тізімінде 42-ші орынға көтерілді

360 рет
көрсетілді

Халықаралық Heritage Foundation зерттеу институтының нұсқасы бойынша еркін экономика рейтингінде Қазақстан 42-ші орынға көтерілді, деп жазады Today.kz. 2016 жылмен салыстырғанда биыл 5,4 пункте көтерілді. "Қазақстан экономикасы соңғы он жылда ашықтықты қамтамасыз ете отырып үлкен жетістікке жетті. Мемлекеттің ірі кәсіпорындарға иелік еткені сақталғанына қарамастан, экономика негізінен жекенің қолында. Оған қоса қазір жекешелендіру науқаны жалғасып жатыр. Құрылымдық реформалардың арқасында сауда режимі жаңартылды", - делінген зерттеуде. 2016 жылы Қазақстан тізімнің 68-ші орнынан көрінген еді. Тізімнің көшбасшылары биыл Гонконг, Сингапур, Жаңа Зеландия, Швейцария мен Австралия. Қырғызстан 89-шы орын, Белорусь 104, Ресей 114, Өзбекстан 148-ші орында.