2019 жылдан бастап швециялық Volvo компаниясы электромоторлы автокөліктер шығаруды бастайды. Volvo электромобильдеріне жауап беретін бөлімнің директоры Матс Андерсонның айтуынша, компания қазір қажетті плтаформалармен жұмыс істеуде. Бұл туралы Autocar жазды.
Компания 2019-2025 жылдар аралығынджа 1 миллион электромобильді нарыққа шығармақ.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Mercedes-Benz те 2019 жылдан бастап электромобиль шығаратынын хабарлаған болатын.