• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2017

Елордада жұмыссыздық деңгейі 4,6% құрайды

340 рет
көрсетілді

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев халыққа есеп беру жиынында 2016 жылдағы негізгі экономикалық көрсеткіштерге тоқтала келе Елбасының бастамасымен қолға алынған «Нұрлы жол» инфрақұрыылымды дамыту бағдарламасын іске асыру барысы, ШОБ қолдау, күрделі экономикалық жағдайларда  технологиялық индустриаландыру жүргізу туралы айтып берді. 2016 жылы жалпы өңірлік өнім болжамдарға сәйкес 5 трлн. теңгені құрайды және 2015 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3,7% ұлғайды; Астана өңірлер бөлінісінде негізгі капиталға тартылған инвестициялар (837,7 млрд. теңге, ҚР - 11%), шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындары санының арту қарқыны (НКИ – 101,1%, ҚР бойынша – 95,4%) бойынша көш басында, сондай-ақ, елордада ең төмен жұмыссыздық деңгейі (4,6%, по РК – 4,9%) тіркелді. «10 заманауи жаңа жоғары технологиялық өндіріс ашылды, соның ішінде үшеуі – шетелдік капиталдың қатысуымен. Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 426 млрд. теңгені, инвестициялар 838 млрд. теңгені құрады, соның ішінде 60% – жеке қаржы. Қазіргі кезде 140 мыңға жуық ШОБ субъектісі бар, өткен жылмен қарағанда өсім байқалады, жалпы өңірлік өнімнің 50% жуығы қалыптасады, және жаңа жұмыс орындарының шамамен 70% ашылады», – деп атап өтті қала басшысы. Мұнымен қоса, елордада іске асырылып жатқан «Бизнестің жол каратсы – 2020», «Астана бизнес», «Астана-Жастар» жастар арасында кәсіпкерлікті қолдау, «Start Up» және т.б. бағдарламалардың басымдықтары белгіленді. 2016 жылы жалпы құны 32 млрд. теңгені құрайтын 206 жобаға қолдау көрсетілді, бұл 2015 жылғы көрсеткішке қарағанда 2 есеге артық.