• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2017

Қазақстанда ипотека нарығы қайта жанданып келеді

332 рет
көрсетілді

2016 жылдың қараша-желтоқсан айларында ипотека несиелерінің портфелі 10 пайызға көбейіп, 2012 жылдан бергі максимумға көтерілді, деп жазады ranking.kz. Агенттіктің мәліметінше, ипотекалық несиелеу нарығы қайта жанданып келе жатыр. Соңғы үш жылда республика бойынша ипотеканың жалпы несие құны 900 млрд теңге шамасында болған. 2016 жылдың қараша-желтоқсан айларында ипотека рәсімдеушілер саны күрт артып, қазіргі таңда ипотека несиелерінің жалпы құны 983,3 млрд теңгеге жетті. Ең соңғы рет мұндай көрсеткіш 2014 жылдың шілдесінде болған, ол кезде ипотека портфелі 934,6 млрд теңге болды.