• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2017

Қазақстан қауіпсіздік мәселелерін шешуге күш салады

347 рет
көрсетілді

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде өңірлік және халықаралық қауіпсіздікке қатысты мәселелерді шешуге күш салады. Бұл туралы бүгін елордада Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі Астана процесінің жалпы отырысын ашқан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Мемлекет басшысының бітімгершілік бастамалары, сонымен қатар бүкіл әлемдегі елдер арасындағы жанжалдарды шешу мен шиеленістерді қысқартудағы үлесі халықаралық деңгейде мойындалған. Қазақстан бүгінгі шараның барынша жемісті боларына шынайы үміт артады. Біз прогресс болатындығына және соғысты тоқтату режімінің жүзеге асырылатындығына үміттенеміз», – деді А.Камалдинов. Сондай-ақ ол Қазақстан 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде өңірлік және халықаралық қауіпсіздікке қатысты мәселелерді шешуге бар күшін жұмсайтындығын баса айтты. «Бұл тұрғыда біз Сирия бойынша мәселелерді реттеуге де өз үлесімізді қосуға дайынбыз», – деді вице-министр.