Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы жолдар жабылды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті.
Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Атырау-Астрахан» (246-330 шақырымдар), «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» (92- 258 шақырымдар) жолы барлық автокөлік түрлері үшін жабылды.
Оңтүстік Қазақстан облысында да ауа райының қолайсыздығынан (бұрқасын, көктайғақ, жаңбыр, жолдың көрінбеуі) облыстық маңызы бар «Қошқар ата-Жарықбас-Бірлік» жолының 77-144 шақырымы аралығында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс тоқтатылған.
Сондай-ақ «ҚазАвтожолдың» мəліметінше, Алматы облысында Үшарал-Достық бағытындағы жолдың 83-184 шақырымы аралығында көлік қозғалысы тоқтатылған. Аймақта ауа райы тосын мінез көрсетуде. Қатты боранның әсерінен көлікпен қатынау мүмкін емес.