Алматы қаласының прокуроры болып Ғабит Миразов тағайындалды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
2011 жылдан бері Алматы қаласының прокуроры болған Берік Асылов қызметінен босатылды. Оның орнына Ғабит Миразов тағайындалды.
Ғабит Миразов 2012 жылдың ақпанынан 2017 жылдың 15 ақпанына дейін Алматы облысының прокуроры болып қызмет атқарған.