• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Ақпан, 2017

2016 жылы Қазақстанның ЕАЭО елдерімен саудасы төмендеді

158 рет
көрсетілді

2016 жылы Қазақстанның ЕАЭО елдерімен саудасы 16,8 % төмендеді, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен. 2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы мен ЕАЭО елдері арасындағы сауда-саттық 13 583,5 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2015 жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 16,8% аз.Оның ішінде экспорт - 3 917,6 млн. АҚШ долларын (23,5% азайған), импорт 9 665,9 млн. АҚШ долларын (13,7% аз) құрады. Қазақстан Республикасы экспортының құрылымында минералды өнімдер (ЕАЭО елдеріне жалпы экспорт көлемінің 33,4%), металдар мен металл өнімдері (25,7%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (19%), жануарлар және өсімдіктерден алынған өнімдер, дайын азық-түлік тауарлары (10,8%) басым. Ал Қазақстанға ЕАЭО елдерінен көбіне машиналар мен құрылғылар (ЕАЭО елдерінен келетін жалпы импорттың 25,8%), минералды өнімдер (16,8%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (16,5%), жануарлар және өсімдіктерден алынған өнімдер, дайын азық-түлік тауарлары (13,9%), металдар мен металл өнімдері (12,5%) жеткізіледі.