Дүйсенбі күні атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Батыс және оңтүстік-батыс өңірлерде кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Батыс пен оңтүстікте бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, ал күндіз батыс аймақтарда шаңды дауыл соғады.
Қызылорда облысының шығысында, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында және тау бөктерінде, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, шығысында және орталығында, Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, сондай-ақ Абай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.
Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр мен найзағай күтіледі