Қазақстан ағымдағы маркетингтік жылда 5171,8 мың тонна астыққа шаққандағы ұнды және астықты экспортқа шығарды, деп жазады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Маркетингтік жыл 2016 жылдың 1 шілдесінен 2017 жылдың 30 маусымына дейінгі аралықты қамтиды.
Осылайша, 2016 жылдың 1 шілдесінен 2017 жылдың 10 ақпанына дейін 3282,1 мың тонна астық, 1322,8 мың тонна ұн (астыққа шаққандағы – 1889,7 мың тонна) экспортталды.
Былтырғы 2015-2016 маркетингтік жылы 5,4 млн. тонна астық және 2,1 млн. тонна ұн экспортқа (астыққа шаққанда 2,95 млн тонна) шығарылған.