• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
22 Ақпан, 2017

Азиаданың алғашқы алтыны

262 рет
көрсетілді

Жапонияның Саппоро қала­сында жалау желбіреткен VIII қысқы Азия ойын­дарында шаңғышы Ринат Мухин Қазақ еліне алғашқы алтын медаль­ды сыйға тарт­ты. Ол 15 шақы­рым­дық жекелей сында ал­дына жан салмай, 41:25.3 секунд уақыт­пен мәре сызы­ғын бірінші болып қиды. Чемпионнан +4,5 секунд қалып келген жапон спортшысы Наото Баба күміс жүлде иегері атанса, Күншығыс елінің тағы бір шаңғышысы Акира Лентинг (+8.0) қола медальды қанағат тұтты. Бұл қашықтықта бақ сынаған Сергей Черепанов, Николай Чеботько және Ердос Ахмадиев сынды шаңғышыларымыз, сәй­кесінше жарысты төртінші, бесін­ші және алтыншы болып аяқтады. Ақ Азиада чемпионы Ринат Мухин қазақстандық БАҚ өкіл­­деріне берген сұхбатында жарыс туралы өзінің ой-пікірін былай­ша білдіріпті: «Бұл жер­де бәсе­келестік жоғары деңгей­де болды. Әлем кубогы сынын­да үздік отыздыққа енген екі-үш қар­сы­ластың болғанын естігенім бар-тын. Жалпы, өзіме деген сенім­нің арқасында жеңіс­ке жеттім. Егер де, Алматыдағы Уни­вер­­сиада мен Саппородағы Азиа­­даны салыстырар болсақ, біз­дегі жағдай қай жағынан алып қара­ғанда да артығырақ болды. Байқауымша, бұл жерде қысқы спорт біздегідей танымал емес сияқты». Ақ Азиада додасында алғаш­қы алтын жүлдені алған Ринат Мухин 23 жаста. Қазір ол Сол­түс­­тік Қазақстан мемлекеттік уни­верситетінің магистранты. Чемпион – спортшылар отбасынан шыққан. Әкесі Александр Мухин кезінде биат­­лоншы болыпты. КСРО чемпио­натында жетінші орын алған көрсеткіші бар. Анасы Сәуле де жасында шаңғыны серік еткен екен. Ринат Мухин жақында ғана Алматыда өткен XXVIII Дүние­жүзілік қысқы Уни­вер­сиаданың ерлер арасындағы эстафета сы­нында күміс жүлде иегері атан­ған еді. Сол кезде Солтүстік Қаза­қ­стан облысының әкімі Ерік Сұл­танов шаңғышының табы­­сын жоғары бағалап, оның жат­тық­тырушылары, яғни же­ңім­­паз­дың ата-анасы Алек­сандр және Сәуле Мухин­дерге үш бөлмелі пәтердің кілтін табыс еткен болатын. Бұл күні жарыс жолына шыққан конькиші Денис Кузин 1000 метрлік қашықтықта күміс медаль алды. Сондай-ақ, Елена Коло­­мина 10 шақырымдық шаң­­ғы жарысында қола медаль ие­гері атанды. Еске салар бол­сақ, бұл шаңғышы бұдан бұрын сприн­терлік сында ел қоржы­нына күміс медаль салған болатын. Қысқы Азиададағы үшінші жарыс күнінің қорытындысы бо­йынша Қазақстан құрамасының қоржынында төрт медаль бар. Жалпыкомандалық есепте біздің спортшылар төртінші орында келеді. Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан»