• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
22 Ақпан, 2017

Төрт келін тағы да сапарға шығады

259 рет
көрсетілді

Ақпан айының басында "31 телеарна" "Келіндер бәйгесі" тележобасының үшінші маусымын түсіруді бастаған еді. Өмірдегі нақты оқиғаларға құрылған осынау реалити-шоу көрермендерге қандай тәлім-тәрбие береді? Ол алдағы уақыттың еншісінде. Ал жаңа маусымда жоба жетек­шілері еліміздің Түркістан, Қызылорда, Талды­қорған қалалары мен Қазақстанның Қытаймен шектесетін аудандарының отбасылық дәстүрлеріне ден қоймақ. Осылайша жаңадан табал­дырық аттаған төрт келін бір-бірінің ауылдарына барады. Тойларына қатысады. Өз өңірлерінен жыраққа саяхат шегіп, әдет-ғұрыптармен танысады. Әр аймақтың өз салтын, келіндік әдептерін көрсетеді. Әр облыста құда-жегжаттық, той өткізудің де өзіндік жоралғылары бар. Қысқасы, көрермендер үшін жаңа маусымның да өз қызықтары болуы тиіс. Осының алдындағы екі маусымда келіндер аталмыш телеарнаның беделін көтерген көрінеді. Мәселен, алдыңғы жобада Батыс пен Шығыс Қазақстан облыстары және Павлодар мен Ақтөбенің келіндері көрсетілген болатын. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ