• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Ақпан, 2017

Жетістік ел игілігіне айналды

368 рет
көрсетілді

Тәуелсіздіктің әр күні әрбір азаматтан үлкен жауап­кер­шілікті, өз саласы бойынша ат­қара­тын қажырлы да табанды ең­бегін талап етеді. Тарих үшін 25 жыл аз ғана уақыт бол­ға­ны­­мен, осы жылдар ішінде Қа­зақ­­стан зор жетістіктерге жет­ті. Жетістіктердің нақты мы­салы мен тізімін санамалай бер­сең, өте көп. Ең бастысы, сол жетіс­тік елдің игілігіне айналып отыр. Ал ол жетістіктерге жету жо­лын­да Президент Н.Назарбаев­тың жыл сайынғы дәстүрлі хал­­ы­ққа Жол­дауының алатын маңызы зор. Әр Жолдауда ел өміріндегі маңызды шаруаларға нақты бағыт беріліп, болашақ жос­пардың атқарылу жолдары көрсетіледі. Биылғы Жол­­дау­дың ерекшелігі сол, ел дамуын­дағы жақсы істерді еселей түсуге, жаңа заман, жаңа уақыт тала­бына сай әрекет етуге айқын жол нұсқады. Жолдауда жаңа техноло­гияларды меңгеру, халықтың игілігіне жарату мәселесі егжей-тегжейлі айтылған. Қарап тұр­саңыз, қазір дүние жүзі техно­логиялық дамудың жаңа әрі жедел қарқынына көшкен. Қа­зақ­­­стан да сол технологиялық жаңа­лықтан сырт қалмай, өрге бастар өркениетті көштен орын алуы міндет. Ол – жастарға, ке­лер ұрпаққа керек нәрсе. Одан бөлек, Жолдауда халық­тың тұрмысын жақсартуға, әлеуе­тін көтеруге қатысты да нақ­ты дүниелер айтылып­ты. Халық тұрмысы, әлеуметтік жағ­д­айы, бала-шағаның қамы деген қай заманда да маңызды мәселе болған ғой. Сондықтан, Жол­дауда халық тұрмысын одан әрі жақсартудың амалдары анық көрсетілгені көңіл қуантады. Президент белгілеп берген басымдықтарда айтылған дүние­лерге біз де өз үлесімізді қоса­мыз. Біздің қосар үлесіміз, ол – бүгінгі көрерменнің таны­мы мен талғамына жауап бере­тін жаңа спектакльдер қою, театрдың репертуарын байыту, шығармашылық ұжымының жан-жақты толысып, өсуі, са­палы жұмыс. Сол арқылы елдің өнерін шет елге шығарып, өзге елдерге көрсету, насихаттау. Мемлекеттің бағыт-бағ­дарын айқындап, оны халық­қа жет­кізіп отыру – Президенттің мін­деті. Сондықтан, ел мен жердің жаңа заман көшіне ілесіп, уа­қыт талабына сай дамуы үшін жасал­ған Жолдау талаптарын орындау жолында келешектен үміті мен мақсаты бар адамның ешқайсысы тысқары қалмауы тиіс. Асанәлі ӘШІМОВ, КСРО халық әртісі, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі АЛМАТЫ