Сингапурда Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінде Қазақстанның Сингапурдағы елшісі Үсен Сүлейменнің аталған мекеменің оқытушыларына, докторанттары мен магистрлеріне және академиялық топтары өкілдеріне Президент Назарбаев ұсынған конституциялық реформалар мен Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының негізгі қағидалары туралы, сондай-ақ Қазақстандағы ұлтаралық және дінаралық төзімділіктің қалыптасуының тәжірибесі туралы арнайы дәрісі ұйымдастырылды.
Дәріс барысында Ү.Сүлеймен Елбасы Н.Назарбаевтың жүйелі саясатының арқасында Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдық кезеңі ішінде экономикасы мен саяси жүйесі мықты және берекелі әрі көп ұлтты қоғам ретінде қалыптасқанын және әлемнің 50 үздік елдері қатарына кіруге мүмкіндік бергенін жеткізді.
Қазақстандық дипломат Елбасы ұсынған конституциялық реформалар мемлекеттің алдағы демократиялық қағидаларын нығайту жолында және елдің экономикалық дамуының болашағына айтарлықтай серпін бере алатынын баса айтты.
Сондай-ақ, іс-шара барысында Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауына айрықша көңіл бөлінді. Ү.Сүлейменнің айтуынша, жаһандық экономикалық бәсекелестіктің өсуі жағдайында, Елбасы Н.Назарбаев ұсынған үшінші жаңғыру саналатын экономикалық өсу моделі уақтылы жасалған қадам ретінде экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге, 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталғанын және елдің экономикалық дамуының болашағына айтарлықтай серпін бере алатынын ерекше атап өтті.
Оған қоса, елші Ү.Сүлеймен аудиторияны Қазақстандағы ұлтаралық және дінаралық қоғамдастықты нығайту бойынша тәжірибесімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысымен және Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің негізгі мақсаттарымен таныстырды, деп хабарлады Қазақстанның Сингапурдағы елшілігі.