• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
22 Ақпан, 2017

Көрмеге 115 мемлекет, 18 халықаралық ұйым қатысады

360 рет
көрсетілді

Қазақстан үшін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көр­месі – тарих жылнамасына алтын әріптермен жазылатын жа­һан­­дық оқиға. Маңыздылығы бойынша оны ең ірі экономикалық фо­румдармен, ал туристік тартымдылығы жағынан әйгілі спорттық іс-­шаралармен теңестіруге болады. Қазір көрменің ұйымдастыру жұ­мыстары қызған шағында. Бүгін көрмеге қатысушы елдердің басын қосатын кезекті халықаралық жиында дайындық жұмыстары та­ғы да пысықталмақ. Осы шараның қарсаңында ЭКСПО-2017 халықаралық маман­дан­дырылған көрмесінің комиссары Рәпіл ЖОШЫБАЕВПЕН әңгімелесудің сәті түсті. – Рәпіл Сейітханұлы, ЭКСПО-­­­2017 көрмесінің бас­та­луы­­на санау­лы айлар қалды. Дайын­дық жұ­мы­сы қалай жүр­гі­зі­л­іп жа­тыр?Астана төрінде қанша мем­ле­кет­тің туы желбіремек? – Шынымен де, көрменің басталуына 4 айдан аз уақыт қалып отыр. Жұ­мыс қарқынды жүргізілуде. Бас­тапқыда біз көрмеге кемінде 100 мемлекет пен 10 халықаралық ұйым қатысады деп межелегенбіз. Бү­гінгі күні көрмеге қатысушы мем­ле­кет­терді тарту жоспары орындал­ды. Жоспарланған 100 ел мен 10 ха­­лық­аралық ұйымнан бүгін 115 ел жә­не 18 халықаралық ұйым қа­ты­са­тындықтарын ресми түрде раста­ды. 109 елмен қатысу шартына қол қойдық. Ендігі уақытта, олар көр­ме бойынша өз тақырыптық тұ­­жы­рымдамаларын әзірлеп, па­виль­он­да­рының ішін жабдықтауға кірі­се­т­ін бо­лады.19 павильонның кілтін тап­сырып қойдық. Сондай-ақ, қазіргі таңда 84 мем­ле­­кет көрме аясындағы өз ұлт­тық күндерін белгілеп, оны өт­кі­зу­­ге дайындық үстінде. Жал­пы, ЭКСПО-2017 халықаралық кө­р­­ме­сі дү­ние жүзі елдері көз ті­ге­тін Қазақ­стан­­­ның жаһандық дәре­же­дегі аса ірі жо­баларының біріне ай­нал­ға­лы отыр. – Айтпақшы, бү­гін ЭКСПО-­2017 көр­ме­сінің ха­лық­ара­­лық қаты­су­шы­ла­ры­ның жи­на­­лысы басталады. Бұл іс-шара не үшін қажет? – Иә, 22-23 ақпан күндері ха­лықаралық қатысушылардың жи­налысы өтеді. Осындай жыл сай­ынғы іс-шара Астана қаласында үшін­ші рет ұйымдастырылуда. Дайындық жұмыстарының қо­ры­тындысын жасау үшін біз бү­­кіл қатысушы мемлекеттердің ұлт­тық секциясы комиссарларын ша­қырдық. Жиналыс аясында қа­ты­сушылардың назарына жұмыс ба­ры­сының негізгі бағыттары бойын­ша тұсаукесерлер ұсынылады, со­­­ны­мен қатар, олар көрме терри­ториясына ба­рып өз павильон­дарымен және көрме нысандарымен танысады. Қатысушылардың ұсы­ныстарын және тілектерін тың­дап алу іс-шараның тағы бір айтар­лықтай мақсаты болып отыр. С­ондай-ақ, бұл жиынның ерек­ше­лігі – алғаш рет 100-ден аса ко­­мис­сарлардың қатысуымен ко­ми­ссарлар алқасы өткізіліп, олар­дың ішінен Басқарушы комитет мү­ше­лері және Басқарушы ко­ми­тетінің тө­рағасы сайланатын бо­лады. Бұл ко­митеттің бас­ты мақ­са­ты көр­­меге дайындалу және оны өт­кізу бары­сында пайда болған мә­се­лелерді жедел түрде шешу болып та­былады. Мұнан басқа, қатысу шарт­тарына қол қоюды, бірқатар екі­жақты және көпжақты кездесулер ая­сында да жалғастыратын боламыз. – Көрменің үш ай бойына жал­ға­­сатынын білеміз. Осы мерз­ім ішін­де көрмеге келушілер үшін қан­­дай іс-шаралар ұйым­дас­ты­ры­лады? – Көрмеге келушілерді энерге­ти­ка саласындағы шет елдердің ноу-хау технологияларынан басқа, ірі халықаралық іс-шаралар және мә­дени-сауықтық бағдарламалар кү­туде. Бүгінгі таңда Шанхай ын­ты­мақтастық ұйымының (ШЫҰ) сам­миті, Ислам ынтымақтастығы ұйым­ының (ИЫҰ) білім және тех­нологиялар бойынша бірінші са­м­миті, энергетика және туризм бойынша министрлердің кез­де­су­лері, халықаралық әйелдер фору­мы және тағы басқа іс-шаралар ұйым­дастырылуда. Сонымен қатар, ашы­лу және жабылу рәсімдерінен бас­қа әр елдің ұлттық күні тойлана­ды. Барлығы үш ай ЭКСПО-2017 территориясында 3 мыңнан астам іс-шараның өт­кізілуі жоспарланып отыр. Менің ойымша, бұл ЭКСПО-2017­ көрмесіне қатысатын мем­ле­кеттердің тарихымен және са­лт-дәстүрімен танысуға тама­ша мүм­кіндік береді. Концерттер, қойы­лым­дар, жекпе-жек түрлерінен жарыстар, футбол ойындары жә­не тағы басқа іс-шаралар өтеді. Жал­­пы, көрмеге келген әрбір қонақ ке­ре­мет әсер алып қайтатын болады. – Туристердің келіп-кетуі қа­лай ұйымдастырылады? Мәселен, ше­т­­елдік туристер үшін осы жы­лы визалық жүйе өзгере ме? – Әрине, шетелдік қонақтардың Қазақстанға келуін жеңілдету мақ­са­тында 2017 жылдан бас­тап Эко­номикалық даму және ынты­мақ­тас­тық ұйымына мүше мемлекет­тер мен Еуропалық одақ және Малайзия, Монако, БАӘ, Мальта мен Сингапур елдерінің азаматта­ры­на 30 күнге дейін визасыз жүйе енгізілді. Жалпы алғанда, әлем­нің 62 елінің азаматтары үшін Қазақ­стан­­ның туристік әлеуетімен визасыз келіп танысу мүм­кіндігі пайда бол­ды. Сонымен қатар, 2017 жыл Қазақ­стан­да Қытай туризмінің жылы бо­лып жарияланып, Қытай Халық Рес­публикасымен «ADS» топтық ту­ристік визасы бойынша келісімге қол қойылды. Осы орайда Қазақстан және ЭКСПО-2017 көрмесі New York Times журналының 2017 жылы ба­ру­ға ұсынатын үздік 50 елдің рей­ти­нгінде орын алғанын атап өткен жөн. Жалпы, көрмеге еліміздің азамат­тары мен шетелдік қонақтарды қо­са алғанда 2 миллионнан астам адам келеді деп күтілуде. Осы мүм­кін­дік­ті пайдаланып, барша қа­зақ­стан­дықтарды ЭКСПО-2017 көр­ме­сіне ша­қырамын. Астана төрінде өтетін әлем­дік деңгейдегі шараны лайықты атқарып, ел абыройын арттыруға үлес қосайық. Әңгімелескен Асхат РАЙҚҰЛ, «Егемен Қазақстан»