ҚР Энергетика министрлігі Атырау мұнай өңдеу зауытын жекешелендіру рәсімі туралы хабар берді, - деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
ҚР Премьер-Министрі Б.Ә.Сағынтаевтың 2016 жылғы 14 қарашадағы №104 өкімімен Атырау МӨЗ-ін жекешелендіру мәселелері бойынша жұмыс тобы құрылды, оның құрамына мүдделі мемлекеттік органдар және «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ енді.
Жұмыс тобының отырысы аясында тиісті жұмыстар атқарылады. Сонымен бірге, Атырау МӨЗ қатысу үлестерін жүзеге асыру «Самұрық-Қазына» АҚ активтерін қайта құрылымдау, жүзеге асырудың бірыңғай ережелері бойынша жүргізілетінін атап өткен жөн.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Атырау МӨЗ жекешелендірудің жолдары, үлесі, жүзеге асыру мерзімі, несиелік міндеттемелері және өзге шарттары бойынша ұсыныстар жазу мақсатында тәуелсіз кеңесші тарту бойынша жұмыс істеуде.
Тәуелсіз кеңесшінің ұсыныстарын алған соң, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Атырау МӨЗ-ін жекешелендіру мәселелерін жұмыс тобының қарауына жіберуді жоспарлап отыр.