• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Ақпан, 2017

Бірнеше аптада мұнай бағасы 60 долларға жақындауы мүмкін

141 рет
көрсетілді

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) алдағы уақытта ұйым мүшелері мен ұйымға кірмейтін экспорттаушы елдердің мұндай өндірісін азайту туралы келісімінің орындалу көрсеткіші 90 пайыздан асады деп болжайды. Бұл туралы Лондонда өткен Халықаралық мұнай апталығы конференциясында ұйымның бас хатшысы Мұхаммед Баркиндо мәлімдеді. «ОПЕК пен оған кірмейтін елдердің келісімі сөзсіз орындалады. Алдағы уақытта өндірісті қысқарту әлі де арта түседі», – деді Мұхаммед Баркиндо. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада ОПЕК ұйымы аталған келісімнің 90 пайызы орындалғанын хабарлаған еді. Баркиндо, сонымен қатар, 2017 жылы әлемдік мұнай қорының азаятынын айтып, ұсыныс пен сұраныстың тепе-теңдігін орнайтынын, нәтижесінде бағаның 60 долларға жуықтауы мүмкін екенін болжады. Айта кетейік, бүгін Астана уақытымен таңғы сағат 10:00-де мұнай бағасы 56,88 долларға саудаланды.