Осы жылдың шілде айынан бастап «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында қоспалы алюминий өндірісі іске қосылады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Компания өкілдері жергілікті атқарушы органдармен де, «Павлодар» АЭА-ның басшылығымен де белсенді қарым-қатынас орнатуда.
Алайда, цех жұмысына қажетті шет елдік құрал-жабдықтарды елге әкелумен қиыншылықтар туындап жатыр.
Жобалау-сметалық құжаттары дайын болмайынша, жабдықтарды орнату мүмкін емес. Компания басшылығы болса, өндіріс іске асырылатын кезде барлық құжаттар дайын болады деп уәде беріп отыр.