Астана қаласының автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, Гастелло көшесі арқылы өтетін Бөгенбай батыр даңғылы бойындағы («бүкір көпір») эстакаданың деформациалық қоспасында ақауларды жою бойынша жөндеу және қалпына келтіру жұмыстар жүргізу жоспарланған.
Осыған байланысты, 24-25 ақпан күндері Ш. Уәлиханов көшесінің алдында эстакаданың қозғалыс бөлігі жартылай жабылатын болады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Басқарма елорда тұрғындары мен қонақтарынан кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.