• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
22 Ақпан, 2017

Ауа райына байланысты пойыздарға қосымша 40 вагон тіркелді

231 рет
көрсетілді

Қолайсыз ауа райы жағдайына және бірқатар автожолдардың жабылуына байланысты, қосымша вагондар тіркеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі. Бұған дейін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев қысқы уақытта темір жол көлігінің үздіксіз жұмысымен қамтамасыз ету және «Қазақавтожолмен», ҚР ІІМ ТЖ Комитетімен бірлесіп, күрделі метеожағдайда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мәселелері бойынша арнайы жиналыс өткізді. Жиналыста қосымша тіркемелерді жүзеге асыру үшін вагондардың технологиялық резервтерін барынша қолдану тапсырылды. Сондай-ақ, төтенше жағдайда ұзын құрамды пойыз жасақтауға, жолаушыларды барынша тасымалдау үшін қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келтірмейтін өзге шараларды жасауға рұқсат берілді. Осылайша, жақын күндері пойыздарға қосымша 40 вагон тіркелді, бұл 2,5 мыңнан астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді. Күрделі қысқы кезеңде темір жолшылар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.