• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Ақпан, 2017

Қала халқына қарағанда ауыл тұрғындары бизнеспен көптеп шұғылданады

263 рет
көрсетілді

Қазақстанда тіркелген жеке кәсіпкерліктердің (ЖК) 726 мыңы ауылда болса, 564 мыңы қала халқына тиесілі. Дегенмен, ауыл халқына мол мөлшердегі несие көздері қолжетімсіз болып отыр, деп жазады ranking.kz. Кәсіпкерлік белсенділіктің деңгейі ауылда қаламен салыстырғанда анағұрлым жоғары. 2016 жылдың қорытындысы бойынша, ҚР қалаларында еңбек ресурсы құрылымындағы 15,4 пайыз азамат қана өзін өзі жұмыспен қамтушылар болса, ауылдағы бұл көрсеткіш 39 пайызды құрайды. Сонымен қатар, ауылдағы кәсіпкерлердің еңбек өнімділігі де артып келеді. Атап айтар болсақ, ауыл халқының өзін өзі жұмыспен қамтушы азаматтардың 52 пайызы жеке кәсіпкер. Салыстыру үшін айта кетейік, 2013 жылы бұл көрсеткіш 35 пайызды құраған еді. "Ауыл халқының кәсіпкерлікке деген ынтасының жоғарылығына қарамастан, банктер қалалық жердегі азаматтармен көбірек жұмыс істегенді жөн көреді. Ауыл кәсіпкерлері үшін арнайы несие түрінің жоқтығы да ауыл бизнесінің несие алуына кедергісін келтіруде", - деп жазады басылым. Ауыл кәсіпкерлерінің несие алуына мүмкіндік беретін жалғыз бағдарлама - шағын несиелендіру ғана. Айта кетейік, "Жаңғыру 3.0" Жолдауынан кейін несиенің бұл түрінің ең жоғарғы шегі 16 млн теңгеге дейін өсірілді. Қазіргі таңда ауыл бизнесін несиелендіруде ең ірі қатысушы KMF. Оның ауыл бизнесіне берген несие портфелі 32,7 млрд теңге шамасында. Жалпы, бұл ауыл кәсіпкерлеріне берілген несиенің 65 пайызы.