• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Ақпан, 2017

Альварестің промоутері: Головкинге келісімшарт ұсындық

203 рет
көрсетілді

Golden Boy компаниясының президенті әрі Сауль «Канело» Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің өкілдеріне ұсынған келісімшарттың кейбір тұстарын айтып берді. Бұл туралы allfight.ru хабарлады. «Ұсынысымыз олар үшін тиімді болды деуге болады. Головкин Альвареспен шаршы алаңға шықса, осыған дейін алған сыйақыларынан әлдеқайда көп алуы мүмкін. Ұсыныс жасадық, егер көңілі толмаса, кінә бізден емес. «Канело» ешкімнен жасқанып, қашқақтап жүрген жоқ. Ол тек үздіктермен сынға түскісі келеді. Ал GGG – оның басты қарсыласы», – деді Оскар Де Ла Хойя. Айта кетейік, қос боксшы өткен жылдан бері жекпе-жек өткізу жөнінде келіссөздер жүргізіп келеді. Бірақ әлі күнге дейін қаржы мәселесінде ортақ ымыраға келе алмай жүр. Boxingnews24.com мәліметі бойынша мексикалық тарап Головкиннің өкілдеріне айқас үшін 15 миллион доллар ұсынған. Бірақ қазақстандық боксшының тарабы жалпы бокс кешінен түсетін қаржыны тең бөлуді талап еткен көрінеді.