• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
22 Ақпан, 2017

Мэйуезер мен Макгрегор айқасы келер жылы өтуі мүмкін (видео)

187 рет
көрсетілді

Әлемдегі үздік бапкерлердің бірі Фредди Роуч көпшілік арасында қызу талқыланып жатқан жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Конор Макгрегор мен бес салмақ дәрежесіндегі әлемнің бұрынғы чемпионы кіші Флойд Мэйуезер арасындағы жекпе-жек жайлы пікір білдірді. Бұл туралы allfight.ru хабарлады. «Қазір біз басқа кезеңде өмір сүріп жүрміз. Жұрт арасында қызу талқыланып жатқаннан кейін бұл айқас ұйымдастырылады деп шамалап отырмын. Маған тіпті, бұл кештің өтетінін, осыдан қомақты қаржы табуға болатынын Флойдтың өзі айтты. Конор – UFC чемпионы, Флойд – ұлы боксшы. Америкалық соққылардан тез сытылып шыға біледі. Ал Макгрегорға бокс стиліне дайындалу үшін біраз уақыт қажет. Әрине, екеуі шаршы алаңда жекпе-жек өткізетіндіктен Мэйуезер фаворит болып есептеледі. Бірақ кездесуді бір ғана соққы шешіп кетуі мүмкін екендігін де естен шығармаған жөн», – деді Фредди Роуч. Макгрегор аралас жекпе-жекте соңғы айқасын өткен жылдың қараша айында Эдди Альвареске қарсы өткізген. Осыдан кейін үзіліс алатынын мәлімдеді. Ал кіші Флойдпен шаршы алаңда жұдырықтасу үшін әуесқой бокста әлем чемпионы, отандасы Майкл Конланмен жаттығып жүр. Бұған дейін америкалық боксшымен 1 млрд доллар болатын ұрысы 2018 жылдың басында өтетінін айтқан. Конлан – Лондонда өткен жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлем және Еуропа чемпионы. Айта кетейік, ирландиялық спортшы MMA-де 24 кездесу өткізіп, 21-ін жеңіспен аяқтаса, үшеуінде есе жіберген. Ал кіші Мэйуезер шаршы алаңдағы 49 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жеткен.