• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
22 Ақпан, 2017

Кевин Даллмэн: «Трактор» командасын жеңуге шамамыз жетеді

229 рет
көрсетілді

«Барыс» хоккей клубының қорғаушысы Кевин Даллмэн плэй-офф кезеңінде «Трактор» командасына қарсы ойын жайлы ой бөлісті. «Плей-офф жаңа маусым секілді. Бізді тартысқа толы ойындар күтіп тұр. Мұнда не боларын алдын ала болжап білу мүмкін емес. Занковец келіп, жаңа жүйесіне бірден үйренісіп кеттік. «Трактордан» өту үшін осы қалпымызда жаттығуымызды жалғастыра беруіміз керек. Бапкеріміздің тактикасы бойынша жұмыс істейміз. Қарқынымыздан таймай, жеңіске деген құлшынысымызды арттырсақ, жетістіктерге жетеміз деп ойлаймын», – деді Даллмэн. Айта кетейік, «Барыс» пен «Трактор» арасындағы алғашқы ойын бүгін Астана уақыты бойынша 20:00-де Челябіде өтеді.