Хоккейден Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Волков Оңтүстік Кореяғмен өткен матч жайлы ой бөлісті. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
«Түрлі спорт сарайларында дайындалдық. Алғашында мұз айдынына жатырқап жүрдік. Кездесу біз үшін оңай болған жоқ. Қобалжығанымыз да болуы керек, басында өз ойынымызды көрсете алмай жүрдік. Бірақ бапкеріміз бойымызға рух беріп, матчты өз қолымызға алдық. Нәтижесінде бірнеше гол соғып, жеңіске жеттік», – деді ол.
Максим бұл кездесудегі алғашқы шайбаның авторы атанған: «Бұл кезде мен үшін бәрін біреу дайындап бергендей болды. Мені торуылдап жүрген қорғаушы көз жазып қалды әрі қарсыластарымыздың бірі жазаланып, бірнеше минутқа алаңнан қуылған. Осы сәтті тиімді пайдаланып, дәл соққы бағыттадым.», – деді.
«Біз түрлі ареналарда дайындалғандықтан мұз айдынның сапасы жоғары болды деп айта аламын. Ал өзге жерлерде далада шайба қуып жүрген сияқты күйде қаласың», – деді Максим Волков.
Айта кетейік, Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VIII қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореямен кездесіп, 4:0 есебімен жеңді.