Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің инфрақұрылым жөніндегі Басқарушы директоры Томас Майермен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz сайты. Кездесу барысында Қазақстанның халықаралық қаржы институттарымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік және «жасыл» экономика саласындағы ынтымақтастығы мәселелері талқыланды.