• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
23 Ақпан, 2017

Қос «Еңбек Ері» – Қызылордада

293 рет
көрсетілді

Қызылордаға қос бірдей «Қазақстанның Еңбек Ері» келді. «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ директоры, профессор Юрий Пя мен «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Серік Ақшолақов аймақтың денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесті. Мемлекет басшысының Ұлт жоспары – бес инс­титуттық реформасын жү­зеге асыру мақсатында ай­маққа келіп, «100 нақты қадам» аясында іске асатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға байланысты өздерінің ой-пікірлерімен бөліскен қос «Еңбек Ері» денсаулық сақтау саласындағы басқа да мәселелер жөнінде сөз қозғады. Сондай-ақ, атал­ған саладағы соңғы жаңа­лықтарымен бөлісіп, меди­цинадағы әлемдік тәжіри­белерді тілге тиек етті. Са­пар барысында Юрий Пя 59 жастағы қызылордалық науқастың жүрегіне ашық әрі жаңашыл ота жасады. Ал Серік Ақшолақов 15 нау­қасқа дәрігерлік кеңес берді. Серік Ақшолақов пен Юрий Пяны Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев арнайы қабылдап, кездесті. – Біздің облысымызда денсаулық сақтау саласын дамыту үшін ауқымды жұмыстар атқарылуда. Өт­кен жылы қабылданған мемлекеттік «Денсаулық» бағдарламасы аясында 28 индикаторлы көрсеткішке қол жеткізу мақсатында аймақтық жоспар дайындалды. 2016 жылы біз орташа өмір сүру ұзақтығын 72 жасқа ұзартуды мақсат етіп, ол көрсеткішке қол жеткіздік, – деді облыс әкімі. Сыр еліне сапарлап кел­ген «Еңбек Ерлеріне» күріш­тен жасалған өз портреттері естелікке сыйға тартылды. Картина авторы – суретші Қайырбек Зәкіров. Мәртебелі меймандар облыстық медициналық орта­лықтың Байқоңыр қа­ла­сындағы филиалына, ғарыш­керлер мұражайы мен Қорқыт ата мемориалдық кешеніне барып, «Союз МС» ғарыш кемесінің ұшу сәтін тамашалады. Сондай-ақ, ІІІ Интернационал ауылының тұрғындарымен кездесті. Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан» Қызылорда облысы