• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
23 Ақпан, 2017

Көлтабанға су келеді

250 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында суармалы жерлерді көбейту мақсатында 5 жылдық жоспар жасалды. Осы мерзім аралығында 145 мың гектар шабындық алқабы мен көлтабандарды суландыру жүйесі жаңғыртылмақ. Күні бүгін облыста су сақтағыш 38 қойма 91 ірі гидротехникалық қондырғы және ұзындығы 1700 км болатын су арнасы бар. Көп жылдан күтімсіз қалғандықтан, олардың көбі жөндеуді қажет етеді. Суландыру жүйесін жаңғырту 2016 жылы басталған. Сырым ауданында Өлеңті суармалы көлтабандар жүйесін жаңғыртуға 108,7 млн теңге жұмсалды. Биыл іске қосылатын жоба 2 мың га алқапты қамтиды. Тоғанас ауылында Шолақ Аңқаты су қоймасын күрделі жөндеуге 103,4 млн теңге бөлінген. Теректі ауданында да 42 шақырымдық Жайық-Шалқар су арнасы жөнделеді. Жәнібек ауданындағы Әбділман және Соркөл көлтабандарын қалпына келтірудің жобалық құжаттары (1,8 мың га алқап, 409,1 млн теңге) дайын. Ұзындығы 180 шақырымға созылатын Киров-Шежін арнасын жаңғырту жұмысы қорытынды, үшінші кезеңге келді. Төрт ауданның 90 мың га шабындық және жайылымдық жерлерін суаратын бұл арна қайта іске қосылса, облыста мал азығын мол дайындауға, нәтижесінде мал басын көбейтуге үлкен қолдау болмақ. Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан» ОРАЛ