• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
23 Ақпан, 2017

Сенаттағы кездесулер

174 рет
көрсетілді

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қор­ға­ныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева Еуропалық одақтың Қазақстан Рес­публикасындағы Өкілдігінің басшысы Траян Хрис­теа­мен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қыз­меті. Сенатор Еуропалық одақ­пен қарым-қатынас Қазақстанның сыртқы сая­са­ты­ның стратегиялық ба­ғыт­тарының бі­рі екенін атап өтті. Д.Назарбаева Қазақ­стан­­­ мен Еуропалық одақ ара­сын­да­ғы­ Кеңейтілген әріптестік пен ын­ты­мақ­тас­тық туралы жаңа ке­лі­с­ім­ді тиімді іске асыру екі­жақты ын­ты­мақ­тастықтың ба­­сымдыққа ие мә­се­лелерінің бі­рі екенін жеткізді. «Біз жаңа құжаттың бар­лық әлеуетін тезірек іс­ке асыруға мүдделіміз. Еуро­одақ елдерінің ұлттық пар­ла­менттерінде ратификация­лау және оны Еуропа Пар­ла­ме­н­ті­нде қарау ұзаққа созылмай­ды деп сенеміз», деді сенатор. Қа­зіргі кезде құжатты Еуро­па­лық одаққа мүше 8 мемлекет ратификациялапты. Т.Христеа Қазақстан Еу­ро­­палық одақ­тың Орталық Азия­дағы ең маңызды әріп­тесі екенін айта келіп, өзара тиім­ді ын­тымақтастықты нығайтуда пар­ла­мент­тік дипломатияның рөліне тоқталды. Тараптар, сондай-ақ, мә­де­ни-гу­ма­ни­тарлық сала­да­ғы өза­ра іс-қимыл мә­се­­лелерін де талқылады. Еуро­па­лық одақ Өкіл­дігінің басшысы Еу­ро­паның 5 мың­нан астам уни­­верситеті Қазақстанның жо­­­­ғары оқу орындарымен ын­­ты­мақтасуға әзір екенін, Қа­зақстанның 15 жоғары оқу ор­ны студенттер алмасу бағ­­дарламасы бойынша Еу­­ро­­­палық одақ елдеріне сту­дент­­­тер жібергенін жет­кіз­ді. Қытай Халық Рес­пуб­­ли­ка­­сының ел­шісі Чжан­ Хань­ху­эй­мен кез­де­­­суде Қа­зақ­стан мен Қы­тай ара­сын­­да­ғы ын­ты­­­мақ­­тас­тық­ты ке­ңей­ту­дің ке­­­л­е­ше­гі тал­қы­лан­ды. Елші Қытай үшін Қазақ­с­тан «тама­ша дос, ізгілікті көр­ші және сенімді әріп­тес» еке­нін атап өтті. Ол сенаторды ел­д­е­рі­міздің 25 жылдық ын­тымақтастықта қол жет­кіз­ген табыстары туралы ха­бар­дар етті. «Біздің еліміз Қазақ­станның бей­біт­шілікті, тұ­рақтылықты қолдау және ха­­лықтың әл-ауқатын артты­ру жөніндегі сая­си және эко­но­микалық реформаларын қол­­дайды», деді дипломат. Д.Назарбаева Қазақстан мен Қытай халықтарының игі­­лігі үшін өзара тиімді іс-қи­мылды үдету қажеттігін атап өтті. Ч.Ханьхуэй биылғы жыл­дың халық­ара­лық шаралар тұр­ғысынан өте маз­мұн­ды еке­ніне де тоқталды. Үстіміз­де­гі жылы Астанада ШЫҰ-ға мүше елдер Мемлекет бас­шы­ларының саммиті өтеді, сон­дай-ақ, ЭКСПО-2017 ха­лық­аралық көрмесі ашылады жә­не оған ҚХР Төрағасы Си Цзинь­пиннің қатысуы күтіліп отыр, деді дипломат.