• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Ақпан, 2017

Маңызды сипатқа ие жүйелі бастама

158 рет
көрсетілді

Әлем елдерінің басым көпшілігінде мемлекет басшысы ұлттық заңнама­ның негізінде мемлекеттік қызметтің түрлі салаларында кең ауқымды құқыққа және өкілеттіктерге ие болады. Бұған қоса, тәжі­рибе көрсеткендей, бір елде мемлекет бас­шысының өкілеттігін шынайы түрде, ал кейде формальді түрде шектеу үдерісі кездесіп жатады. Мұндай кезде оның орнына үкімет немесе үкімет басшысы ие болады. Ал кейбір елдерде, керісінше, мемлекет басшысы құзыретінің барынша кеңею үрдісі байқалады. Мұн­дай үрдіс тіпті, конституцияға және бас­­қа да заңнама актілеріне қарама-қай­­шылық туғызатындай дәре­же­де шектен шығып кетуі де мүмкін. Осы тұрғыдан келген­де, билік тар­мақтары арасында өкілеттіктерді орнымен бөлу және оны оңтайлы түрде қалыптастыруға қадам басу – кез келген өркениетті елдің одан әрі тиімді дамуы үшін маңызды мәселе. Билік тармақтары арасында құзы­реттерді ұтым­ды және үйлесімді бөлу кезінде кез­десетін түйткілді мәселелер мемлекеттің дамуы мен демократияның қалыптасуына әсе­рін тигізбей қоймасы анық. Міне, осындай жайт­тарды ескере келе, Қазақстан бұл мәселені дер ке­зінде қолға алды. Бүгінде маңызды сипат­қа ие болып отырған жүйелі реформалар жү­зеге асырылып, қазірдің өзінде өзінің оң нәтижелерін көрсете бастады. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жетек­ші рөлінің ар­қа­сын­да Қазақстан әлем­дік қоғамдастықпен бел­сен­ді түрде ынты­мақтастық орнатып келеді. Ал енді мемлекет Президент, Пар­ла­мент және Үкімет арасында өкілеттік­терді қайта бөлу мәселесін күн тәртібіне қойып отыр. Шынында да, Парламент және Үкімет өкілеттіктерінің кеңеюі мем­лекеттік бас­қару жүйесінің тиімді әрі ұтымды болуына ықпал етеді және елде жүзеге асырылып келе жатқан рефор­малар аясындағы олардың рөлін күшейте түседі. Сонымен қатар, басқа елдердегі секіл­ді Қазақстандағы Парламент және Үкі­мет­тің өкілеттіктерін кеңейтудегі басты мәсе­ле – олардың саяси жауапкершіліктерін арттыруға ықпал ету. Себебі, лауазым­ды тұлғалардың өз міндеттерін әділ әрі қалтқысыз атқара білуінің нәтижесін­де өзекті мемлекеттік мәселелерді шешуге және оларды жүзеге асыруға қол жеткізуге болады. Оксана ПАРХОМЕНКО-КУЦЕВИЛ, Мемлекеттік басқару академиясының профессоры, «Мемлекеттік басқарудың ғылым докторлары жалпыукраиналық ассамблеясы» қоғамдық ұйымының бірінші вице-президенті (Украина)