• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Ақпан, 2017

Тепе-теңдік – басқарудың тиімді тетігі

457 рет
көрсетілді

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Қазақстандағы орыс, славян, казак ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі өкілдерінің республикалық дөңгелек үстелі өтті. Іс-шараға қауымдастық төрағасы Владимир Божко, Парламент Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, республикалық этномәдени бірлестіктердің белсенділері, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ, жастар қатысты. Жиында Қазақстан Прези­денті Н.Назарбаевтың «Қазақ­стан­ның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы бойынша «Қазақстандағы орыс, славян, казак ұйымдары ассо­циациясы» заңды тұлғалар бір­лес­тігіне кіретін этномәдени ұйым­­­дардың алдындағы мін­дет­­тер қаралып, сонымен қатар, Мем­­лекет басшысының конс­ти­ту­­­ция­лық реформасына бай­ла­нысты ұсыныстарды әзірлеу мәселелері талқыланды. В.Божко: «Бүгінде Елбасының билік тармақтары арасында өкі­лет­тіктерді бөлуге қатысты Үн­деуі мен халыққа арнаған Жол­дау­ы қоғам назарын аударып отыр. Олар алдағы уақытта ел­дегі көп бағыттың дамуына жаңа­ша серпін алып келмек. Сол ар­қылы Қазақстанның одан әрі қарай ілгерілеуіне жол ашылатын бола­ды деп ойлаймыз» дей келе, бұл екі ауқымды құжаттың да рөлі зор екенін жеткізді. Бұ­дан кейін қауымдастық төраға­сы­ның орынбасары, Л.Н.Гуми­лев атын­дағы Еуразия ұлт­тық уни­вер­ситетіндегі Қазақ­стан хал­қы Ассамблеясы кафедра­сы­­ның меңгерушісі Анатолий Баш­маков жаңа конституциялық рефор­маны жүргізу кезінде билік тар­мақтары арасындағы тепе-тең­дікті сақтауға айрықша мән бері­летініне тоқталды. «Әрине, тәуелсіздіктің алғаш­қы кезінде мықты президент­тік билік, президенттік басқару керек болды. Себебі, мемлекет жас болды. Ал қазір президент­тік-пар­ламенттік басқару жүйесі­нің тиімділігі туралы көп айты­лып жүр. Себебі, біздің әлемді тану­дағы мәдениетіміз, саяси мәд­е­­н­ие­тіміз, басқару мәдение­ті­міз өзгер­ді. Осыларды сарап­тай келе, Президент консти­ту­ция­лық өзгерістерді жүзеге асыру туралы ұсыныс айта келе, билік тармақтарының қыз­метін үйлестіруге, тепе-тең­дік­те сақтауға баса мән беріп отыр. Жалпы алғанда, бұл дер кезін­де қабылданған шешім деп ой­лаймын. Қазақстан – әлем­дік қоғамдастықта белгі­лі бір дәрежеде өз орнын иелен­ге­н мемлекет. Демек, мұн­дай өз­геріс­тер елдің одан әрі дамуына, басқару тетігінің нығаюы­на ықпал ететін болады», деді А.Башмаков. Сонымен қатар, ол Елбасы Парламенттің рөлін күшейтуді назарда ұстап отырғанын, бұл Парламенттің халық алдындағы жауапкершігін арттыруға, ел ішін­де демократиялық үдеріс­тер­дің жандануына негіз бола­тынын атап өтті. «Егер, конституция­лық рефор­ма төңірегіндегі өзге­ріс­тер жүзеге асса, онда Парла­мент Үкімет қызметінің дұрыс жолға қойылуын жауапкер­шілік­пен қадағалауға мүмкіндік алар еді. Бұл – өте маңызды мәселе. Себебі, осы арқылы Парламенттің бақылау тетігі күшейе түседі. Бұл тетік күшейсе, бюджет қар­жысының толық игерілуі мен дұрыс бағытта жұмсалуы қадаға­ланатын болады», деді ол. Парламент Мәжілісінің депу­таты Ахмед Мурадов та Ана­толий Башмаковтың сөзін қуаттай келе, билік тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлу Парла­менттің ғана емес, Үкі­мет­­тің де қоғам алдындағы жауап­­­­кер­шілігін арттыруға сеп бо­­­ла­­­­тынына тоқталды. Ол: «Мәселен, Парламент өзі шы­ға­­ра­тын заң­дардың дұрыс орын­­далуын қадағалап қана қой­май, Үкі­меттің өзі жыл сайын бекі­­­тетін жоспарының орын­далу-орын­далмауына, түрлі заң бұзу­­шылыққа қатысты есеп­ті сұрауы, яғни жұмысын қадаға­лауы керек» дей келе, бұл Пар­ламент үшін бақылаудың маңыз­ды тетігі екенін жеткізді. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»