• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
23 Ақпан, 2017

Еліміздің ұстанымдары халықаралық қолдауға ие

211 рет
көрсетілді

21 ақпанда Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде министрлік деңгейінде «Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау: Еуропадағы қақтығыстар» тақырыбында өткен ашық пікірсайысқа қатысты, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. Қазақстанда Сирия бойынша келіссөздер барысында өзінің тиімділігін көрсеткен Астана платформасы басқа да дау-жанжалдарды шешу мақсатында кеңінен қолданылуы мүмкін деп есептейді, деп атап өтті қа­зақ­с­тандық дипломат өз сөзінде. Оның айтуынша, мұндай алаң халықаралық құқықтың не­гізгі қағидаттарына сенімді қал­пына келтіру және оған деген адалдықты қайтадан растау үшін, сондай-ақ, барлық тарап­тар­дың ұлттық мүдделерін құр­меттеу үшін бүгінде өте ма­ңызды. Р.Василенко Еуропа бетпе-бет келіп отырған заңсыз көші-қон, ұйымдасқан қылмыс, адам саудасы сияқты өсе түсіп отыр­ған үрей мен сенімсіздік ахуалы ар­қылы одан бетер тереңдей түс­кен сын-қатерлерді атап көр­сетті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында айтқан халықаралық қауымдастықтың назарын дау-жан­жал­дардың алдын алу жө­нін­дегі жаңа стратегияны да­­мы­ту­ға бағыттау қажеттігі тура­лы идеясының осы орай­да мейлінше көкейкесті екені атап өтілді. Қазақстандық делегация басшысы пікірсайысқа қа­­ты­сушыларға Қазақстанның өзі­нің 2017-2018 жыл­дардағы БҰҰ ҚК жұмысында Мемлекет бас­шысы жа­риялаған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі мен 2017 жыл­дың қаңтарындағы Кеңес мүшелеріне Саяси үндеуі сияқ­ты шешуші құжаттардың ере­желерін басшылыққа алатынын жеткізді. Астана еуропалық құ­р­лық­тағы дау-жанжалдар ай­ма­ғындағы ахуалдарды халықаралық құқық нормаларына жә­не оларды реттеудің жұмыс істеп тұрған халықаралық ме­­ха­низмдеріне сәйкес бейбіт рет­теуді қолдайды, деп атап өтті спикер. Қазақстан ел астана­сында саммит өткізумен және дек­ларация қабылдаумен табыс­ты қо­рытындыланған 2010 жыл­ғы ЕҚЫҰ-ға төрағалығы ба­­рысында өзінің осындай көзқарасын айрықша айқын көр­­сете білді. Негізінен алғанда біз­дің еліміздің және Пре­зидент Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке үлесінің ар­қасында 2015 жылы Минск келісімін бекітуге әкелген Украина дағдарысын шешу жөніндегі бейбіт ке­ліс­сөздер те­тігі іске қосылды, ал 2010 жылы Қырғызстандағы жағ­­дай­ды тұрақтандырудың сә­ті түсті. Қазақстан тарапынан ұсы­ныл­ған позициялар БҰҰ Бас хат­шысы Антонио Гутеррештің, ЕҚЫҰ Бас хатшы­сы Ламберто Заньердің және басқа да пікір­сайыс­қа қа­ты­сушылардың сөй­леген сөздерімен үндес шықты. Сөйлеушілер Еуропада тұ­рақ­тылық пен қауіпсіздікті сақ­тауда, сондай-ақ, дау-жан­жалдарды саяси және дип­ло­ма­тиялық құралдармен бейбіт ке­ліс­сөздер жолымен шешуде мүдделі тараптардың бірлескен күш-жігерінің маңызды екенін атап көрсетті. Отырысқа Австрияның, Әзер­­байжанның, Грузия­ның, Гер­­манияның, Вен­грия­­­ның, Мол­­дованың, Лат­вия­ның, Лит­­ваның, Ру­мынияның, Си­не­галдың, Фин­л­ян­дияның, Хор­ва­тияның, Шве­цияның сырт­қы саясат ве­­­дом­ство­ларының бас­шылары мен сыртқы саясат ве­дом­­стволары басшыларының орынбасарлары, сон­дай-ақ, БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің 80-нен астам делегация­лары қа­тысты. БҰҰ ҚК пікірсайысы алаңы­нда Р.Василенко Еуро­па­лық сыртқы іс-қимылдар қызметінің бас хатшы­сы Хель­га Шмидпен, Венгрияның сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен қысқа кездесулер өткізді. Сондай-ақ, БҰҰ Бас хат­шы­сының саяси мәселелер бойын­ша орынбасары Джеффри Фельтманмен кездесу бол­ды. Кездесу барысында тараптар жа­һандық күн тәр­ті­бін­дегі кө­кейкесті мәселелер жөнінде пікір алмасып, елі­міздің бас­ты халықаралық ұйымға мү­ше­­л­ігінің 25 жыл­дығы қар­са­ңындағы Қазақстанның БҰҰ-мен өзара бай­ланысы әңгіме арқауына айналды. Р.Василенко қатысушыларға Қазақстандағы ма­ңыз­ды ішкі саяси өзгерістер туралы баяндады, атап айт­қанда, Президенттің конституциялық реформа ар­қы­лы билік өкілеттіктерін Пар­ламентке беруге негіз қа­лай­тын және елдегі одан арғы де­мок­ра­тиялық қайта құ­руларға жа­ңа серпін беретін Қазақстан хал­қына арнайы Үндеуінің маз­мұнымен таныстырды. Қазақстан Президентінің «Қазақстанның Үшінші жаң­ғы­­руы: жаһандық бәсекеге қа­бі­леттілік» атты Жолдауы туралы ақпарат та жиналғандардың үлкен қызығушылығын тудырды.