• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
23 Ақпан, 2017

Көрмеге әзірлік жіті пысықталды

171 рет
көрсетілді

Кеше елордада ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушылардың үшінші жиналысы жұмысын бастады. Халықаралық шараның басты әрі қорытынды отырысына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин қатысып, сөз сөйледі. Астанада «Болашақтың энергиясы» тақырыбында өтетін көрменің мән-маңызы мен салмағына тоқталған ол басқосу табысты келісімдерге, орайлы уағдаластықтарға жеткізетініне сенім білдірді. Жиналыс барысында Халық­ара­лық көрмелер бюросының бас хат­­шысы Висенте Лоссерталес ЭКСПО-2017­ көрмесіне әзірлік жұ­­мыстарын жо­ғары бағалады. Әсі­­ресе, Қазақстан Пре­зиденті Нұр­­с­­ұлтан Назарбаевтың ұлт­тық ком­­­­панияға көрмеден кейін оның н­ы­­­сандарын пайдалану бойын­ша ­мін­­­дет жүктегенін ерекше атап өт­­ті. Бю­­роның бас хатшысы ха­лық­­ара­­лық шара кезінде елор­да­ға ке­ле­тін шет­­ел­діктердің үлесі ұйым­дас­­ты­­ру­шы­ларға байланысты екенін айт­­ты. «Қы­тайда өткен бесінші ма­ман­­­­дан­ды­рылған көрмеге келген шет мем­­­ле­кеттіктер 5-7 пайызды құраған. Ал Еуропадағы осындай шараларға ат­­­салысқан туристердің үлесі 30 пай­­­ызға дейін жеткен еді. Өйткені, мем­­­лекеттер бір-біріне жақын, көлік жа­­ғ­ы қолжетімді. Қазақстанға келеді деп күтіліп отырғаны – 15 пайыз. Бұл шындыққа сай келеді», деді В.Лоссерталес. Отырыста «Астана ЭКСПО» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов көрме павильондары былтырғы қарашадан бастап одан әрі жабдықтау үшін халықаралық қатысушыларға тапсырыла бастағанын мәлімдеп, осы жұ­мыста белсенділік танытуға ша­қыр­ды. «Павильондарын иеленген қа­ты­сушылардың көбі құрылыс-мон­таж жұмыстарына кірісіп кетті. Көр­менің басталуына 108 күн қалды. Сон­дықтан, қалған қатысушыларды па­вильондарын дайындауға тезірек кірі­суге шақырамыз», деген А.Есімов Қазақ­стан өз тарапынан көрмеге то­лық дайын екенін жеткізді. «Соңғы мәліметке сәйкес, 115 мем­­лекет пен 18 халықаралық ұйым көр­­меге қатысатындарын растады. Олар­­ға ыңғайлы болу үшін түрлі ба­ғыт­тар бойынша арнайы нұсқаулық әзірленген. Одан бөлек, «бір терезе» қағидаты бойынша визалық қолдау, салықтық, банктік, сақтандыру және Қазақстан меморгандарының басқа да қызметтері көрсетілетін Бірыңғай қыз­мет көрсету орталығы іске қо­сылған. Ұлттық секция комиссар­ла­­ры мен олардың отбасылары, па­ви­­льонның басқа да қызметкерлері үшін ЭКСПО аумағында 1 374 пәтер­лі қалашық салынды. Сондай-ақ, тір­кеу ресімін жеңілдетіп, уақыт үнем­деу үшін «Аккредитация» ұлттық жүй­есі енгізілді», деді компанияның бас­қарма төрағасы. Үшінші жиналыста ЭКСПО-­­­2017 комиссары Рә­піл Жо­шыбаев көр­ме аясында өте­тін ха­лықаралық ша­­раларды әң­гі­ме­ле­ді. «Көрме өте­тін кезеңде ұйым­дас­тырылатын бас­қосулардың бірі – Шан­хай ынты­мақ­тастық ұйымының самм­иті. Со­ны­мен қатар, біз энергетика және ту­ризм мәселелері бойынша түр­лі ми­нистрлер деңгейіндегі кез­дес­у­лер өткізбекпіз. Халықаралық әйел­дер форумы да өтеді. Ал көрме аяқ­та­луға жақындаған тұста елімізде ал­ғ­аш рет Ислам ынтымақтастығы ұйы­мының ғылым және технология жөніндегі саммитін өткіземіз», деді Р.Жошыбаев. Комиссардың ай­туынша, көрме кезінде қатысушы мем­л­­екеттердің ұлттық күндері, түрлі мә­­дени-танымдық, тақырыптық жә­не­ спорттық шаралар да көптеп ұйы­м­дас­тырылады. ЭКСПО-2017 көрмесіне әзірлік шара­лары туралы Астана қаласы әкі­мі Әсет Исекешев жалғастырды. «Биыл­ғы жылдың мамыр айында екі бірдей нысан пайдалануға бері­леді. Астана халықаралық әуежайында жаңа терминалдың құрылысы аяқ­та­лады. Нәтижесінде жолаушы­лар­ды өткізу мүмкіндігі 7,6 ми­ллионға дейі­н артады», деген қала бас­шысы бұл жағдай туристердің тіркеуден ке­дер­гісіз өтуіне мүмкіндік беретінін айтт­ы. «Сондай-ақ, жаңа темір жол вокз­алы ел игілігіне беріледі. Бұл ны­сан жылына 9 миллион адамға дейін қызмет көрсете алады. Ол Қазақ­стан­ның барлық аймағы мен таяу шет мемлекеттерден келетін ту­рис­­тер­­дің шараға емін-еркін қаты­суы­на қолайлы жағдай жасайды», д­еді Ә.Исекешев. Әкім көрме қонақтарын орналас­ты­руға қатысты мәселелерді де жет­к­ізді. «Қазіргі уақытта елордада 169 қо­нақ үй мен 36 хостел жұмыс істей­ді. Бұған қоса, көрме басталар алдында тағы 16 қонақ үй кешені ашылады. Бұдан бөлек, жалдамалы баспаналарды тарту жұмыстары қарқынды жүруде. Жалпы, кемінде 35 мың орын дайындау жоспарлануда», деді қа­ла басшысы. Оның мәліметінше, Астана ЭКСПО қонақтары үшін қау­іп­сіз әрі жайлы қала болады. Себебі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне айрықша назар ауда­рыл­­ған. Шараға 9 мыңға жуық поли­ция қызметкері тартылады, қала аумағ­ын­да шамамен 3 мың камера орнатыла­ды. Көпшілікті қоғамдық кө­лікпен қамтамасыз ету үшін 380 жаңа автобус сатып алынбақ. Асхат РАЙҚҰЛ, «Егемен Қазақстан»