Кеше Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов Статс-хатшы – Ресей Федерациясы сыртқы істер министрінің орынбасары Григорий Карасинге Сенім грамотасының көшірмесін табыстады.
Кейін елші Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті. Кездесу барысында тараптар Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен келешегін, интеграциялық құрылымдар аясындағы екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ аймақтық және халықаралық мәселелердің өзекті тұстарын талқылады.
Қазақстан елшісі РФ СІМ басшылығына Ресейдің БҰҰ-дағы Тұрақты өкілі Виталий Чуркиннің өліміне байланысты көңіл айтып, Смоленск алаңында-
ғы Ресей Сыртқы істер министрлігі ғимараты-
ның кіре берісіндегі есте
лік орынға гүл қойды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.