• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
23 Ақпан, 2017

Азиада-2017. Биатлоншыларымыз 1 алтын, 1 күміс еншіледі

146 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_104089" align="aligncenter" width="560"] Фото: Данияр Майлыбаев[/caption] Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына бір алтын, бір күміс түсті. Биатлоннан ерлер арасындадығы 10 шақырымдық спрингтік жарыста Ян Савицкий топ жарса, күмісті тағы бір жерлесіміз Василий Подкорытов еншіледі. Бұл сында үшінші орынға Жапония спортшысы Микито Тачизаки ие болды. Сонымен қатар, Қазақстан атынан шыққан Максим Браун 8-орыннан, Антон Пантов 9-орыннан көрінді. Ел қоржынына осымен екінші алтын және төртінші күміс түсті. 1. Ян Савицкий (Қазақстан) — 26:59.2 (1+0) 2. Василий Подкорытов (Қазақстан) — +15.0 (1+1) 3. Микито Тачизаки (Жапония) — +20.2 (1+0) 8. Максим Браун (Қазақстан) — +1:10.1 (0+2) 9. Антон Пантов (Қазақстан) — +1:53.2 (2+2).