Атырау облысында 25-26 ақпан күндері жекпе-жектен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл сайысқа Қазақстанның әр өңірінен 200-ден астам спортшы қатысады. Байрақты бәсекеде ерлер - 10, ал әйелдер 5 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Жеңіске жеткен спортшылар ЭКСПО қарсаңында Астана қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама алады. Сонымен қатар топ жарған жекпе-жекшілерге спорт шебері атағы берілетін болады. Сайыс «Атырау» дене шынықтыру нысанында өтеді.